Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения

Қаулы · № 1039 · қабылданған 10.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67054/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения Күшін жойған Қаулы ·№ 1039 ·10.08.2012
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения

Күшін жойған Қаулы ·№ 1039 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения
Атауы (қаз.)
Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1039
Қабылданған күні
10.08.2012
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI67054_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001039
ЭКБ идентификаторы
67054
Редакция идентификаторы
AI67054_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:36

0 Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 1039 қаулысымен
бекітілген
Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар

1 1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

2

2. Авариялық бронь – электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты.

3 3. Технологиялық бронь – технологиялық процестерді аяқтау үшін тұтынушыға қажетті электр қуаты.

4 4. Авариялық және технологиялық бронь актісі үш данада жасалады және энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына міндетті қосымша болып табылады.

5 5. Авариялық және технологиялық бронь актісін жасау үшін энергия тұтынудың жалпы көрсеткіштері, өндірістік процестердің сипаты және жалпы кәсіпорын бойынша және жекелей алғанда әрбір қоректендіруші желі бойынша технологиялық және энергетикалық жабдықтың құрамы туралы мәлімет болуы қажет.

6 6. Авариялық және технологиялық бронь актісіне өзгерістер кәсіпорынның өтінімі бойынша қажетті қуатты ұлғайтқан немесе технологияны өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.

7 7. Авариялық және технологиялық бронь актісі осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады:

1 1) 1-жолда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйыммен жасалған энергиямен жабдықтау шартына сәйкес тұтынушының жеке шоты көрсетіледі;

2 2) 2-жолда электр энергиясын пайдалану шарты жасалатын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы көрсетіледі;

3 3) 3-жолда кәсіпорынның, саланың толық атауы көрсетіледі;

4 4) 4-жолда кәсіпорынның пошта индексі, мекенжайы көрсетіледі;

5 5) 5-жолда кәсіпорынның (басшының, бас инженердің, бас энергетиктің, қосалқы станция кезекшісінің) телефондары көрсетіледі;

6 6) 6-жолда тұтынушы жұмысының бір жыл ішіндегі ауысымдылығы және сағаттарының саны көрсетіледі;

7

7) 7-жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымға ең көп жүктеме жүсетін сағаттардағы тұтынушының электр жүктемесі көрсетіледі, ол энергиямен жабдықтаушы ұйымға ең көп жүктеме түсетін таңертеңгі және кешкі сағаттардағы кәсіпорынның неғұрлым орташа үш сағаттағы көп электр жүктемелерінің орташа мәні ретінде бір жұмыс күнінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша анықталды;

8 8) 8-жолда қуаттарды қосымша ұлғайту (төмендету) салдарынан энергия тұтынудағы өзгерістерді ескеретін, соңғы үш жылғы энергия тұтынудың орташа жылдық мәні көрсетіледі;

9 9) 9-жолда тәуліктік энергия тұтыну көрсетіледі, ол кәсіпорынның жұмыс күнгі жүктемесінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша желтоқсандағы (маусымдағы) тәуліктік орташа шығысы бойынша анықталтын;

10 10) 10-жолда тұтынушының трансформаторлық қосалқы станциясының, тарату пунктінің немесе тарату құрылғысының нөмірі көрсетіледі;

11 11) 11-жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның қоректендіру орталығының (желісінің) нөмірі немесе атауы көрсетіледі (трансформаторлық қосалқы станция, тарату пункті, қосалқы станция);

12 12) 12-жолда – теңгерімдік тиесілілігін шектеу актісі және осы электр қондырғысы бойынша тараптардың пайдалану жауапкершілігі бойынша белгіленген қоректендіруші желілердің саны көрсетіледі;

13 13) 13-жолда энергиямен жабдықтау шартына сәйкес энергиямен жабдықтау сенімділігінің санаты көрсетіледі.

8 8. «Авариялық бронь» деген 1-бөлімде бағандар былайша толтырылады:

1 1) 1-бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі;

2

2) 2-бағанда – кенеттен ажыратылуы өрт, жарылыс немесе адам өміріне қауіп төндіретін (авариялық және күзеттік жарықтандыру; жарылыс қаупі, өрт қаупі бар цехтардағы және адам өміріне қауіпті ортадағы ауа алмастыру; су төгу, кәріз, жылыту, өрт қауіпсіздік құралдары және басқалар) ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі.
Электр қабылдағыштар әрбір қоректендіруші желі бойынша жеке көрсетіледі.
Тізбені толтыру кезінде электр жабдығының толық атауы көрсетіледі;

3 3) 3 және 4-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша жеке көрсетіледі;

4 4) 5 және 6-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 3 және 4-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, тиісінше әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.

9 9. «Технологиялық бронь» деген 2-бөлімде бағандар былайша толтырылады:

1 1) 7-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

2 2) 8-бағанда технологиялық процестер тізбесі көрсетіледі.

Технологиялық бронь электр қабылдағыштары тізбесіне жұмысы тұтынушыға негізгі технологиялық процесті аяқтау үшін қажетті электр жабдығы енгізіледі;

3 3) 9-бағанда (8-бағанда көрсетілген әрбір процесс бойынша) технологиялық процестің ұзақтығы көрсетіледі.

Технологиялық процестің ұзақтығы тәулік бойы және одан артық болғанда – 24 сағат деп көрсетіледі;

4 4) 10 және 11-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша жеке көрсетіледі;

5 5) 12 және 13-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 10 және 11-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, тиісінше әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.

10

10. «Электрмен жабдықтау көздері және қоректендіруші желілердегі жүктемелер» деген 3-бөлімде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның трансформаторлық және таратушы пункттен кенеттен ажырату жарылысқа, өртке, адамдардың өміріне қауіп төнуіне, негізгі жабдықтың зақымдануына, өнімнің жаппай бұзылуына және күрделі технологиялық процестердің қауіпті бұзылуына әкеп соғуы мүмкін электр қабылдағыштарды көрсете отырып, тұтынушының әрбір қоректендіруші желісі бойынша әр жолдың мағынасы түсіндіріліп беріледі:

1 1) 14-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

2 2) 15-бағанда осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның трансформаторлық, тарату пунктінің және тарату құрылғысының қоректендіруші орталығынаң атауы немесе нөмірі көрсетіледі;

3 3) 16-бағанда энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын тұтынушының (фидердің) қоректендіруші желісінің нөмірі немесе атауы көрсетіледі;

4 4) 17-бағанда қысқы өлшемдер (желтоқсан) бойынша қоректендіруші желінің жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;

5 5) 18-бағанда кәсіпорынның технологиялық броны енгізілген негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі;

6 6) 19-бағанда осы қоректендіруші желідегі (фидердегі) технологиялық бронның жұмыс жүктемесі (кВт) көрсетіледі.

7 7) 20-бағанда – технологиялық процесті аяқтау үшін қажет етілетін уақыт сағатпен (2-бөлімнің 8-бағанында көрсетілген әрбір процесс бойынша) көрсетіледі;

8 8) 21-бағанда кенеттен ажыратылатын энергия қабылдағыштардың тізбесі (1-бөлімнің 2-бағаны) көрсетіледі;

9 9) 22-бағанда жүктемелердің қысқы (желтоқсан) кестесіне сәйкес әрбір қоректендіруші желі бойынша авариялық бронның жүктемесі (кВт) көрсетіледі;

10 10) 23-бағанда жүктеме қай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылып қосылатыны көрсетіледі.

Кәсіпорынның ажыратылмайтын электр қабылдағыштарды ауыстырып қосуы міндетті түрде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметімен келісіледі.

11 11. «Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері» деген 4-бөлімде жолдар мынадай түрде толтырылады:

1 1) 1-жолда электр желілеріндегі қуаттардың авариялық жетіспеушілігі кезінде қоректендіруші орталықтардың ажыратылуы мүмкін кәсіпорын бойынша толық ажыратылуы мүмкін жүктеме (кВт) көрсетіледі;

2 2) 2-жолда ажыратылатын желілердің (фидерлердің) нақты нөмірі және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;

3 3) 3-жолда 3-бөлімнің 20-бағанында көрсетілген технологиялық процестің аяқталу уақытының бітуі бойынша ағытылуы мүмкін желілердің (фидерлердің) нөмірлері және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі.

1, 2 және 3-жолдар бойынша жүктемелер жүктемелердің қысқы кестесіне қатаң сәйкестікпен көрсетіледі.

12 12. 5-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің талап етуі бойынша ажыратылуы қажет қоректендіруші желілер (фидерлер) және олардың жүктемесі туралы мәліметтерді қамтиды.

13

13. 6-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның желі жұмысында (фидерде) қалған ажыратылған жүктемелерді энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз қайта ауыстыруға жол бермеу туралы талабын қамтиды. Осы жолда міндетті түрде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің телефоны көрсетіледі.

14 14. 7-бөлім резервті автоматты түрде қосудың қолда бар құрылғыларын пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

15

15. 8-бөлімде энергия тұтыну және қуаттар режимдерін енгізу кезінде осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтауға арналған шартпен келісілген энергиямен жабдықтаудың ерекше шарттары көрсетіліді. Актіге кәсіпорынның электрмен жабдықтау схемасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер, қоректендіруші желілер мен резервті автоматтық қосу енгізілген қосалқы станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.

54 Авариялық және технологиялық бронь актісі

Электрмен жабдықтаудың авариялық және
технологиялық броны актісін жасау жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша
Бекітемін _________________________
_______________________________________
Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші)
ұйымның басшысы
Авариялық және технологиялық бронь актісі
1. Тұ­ты­ну­шы­ның же­ке шо­ты­ның нө­мі­рі ____________
8. Тұ­ты­ну­шы­ның ор­та­ша жыл­дық энер­гия тұ­ты­нуы: __________­мың кВт.ч.
2. Энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы және (неме­се) энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­ның ата­уы­_______________
9. Тұ­ты­ну­шы­ның тәу­лік­тік энер­гия тұ­ты­нуы:
1) қы­сқы ___________________ кВт
2) жаз­ғы ____________________кВт
3. Тұ­ты­ну­шы­_____________________
4. Тұ­ты­ну­шы­ның ме­кен­жайы _______
10. Тұ­ты­ну­шы­ның транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ци­я­сы­ның, та­ра­ту пунк­ті­нің нө­мі­рі ______________
5. Тұ­ты­ну­шы­ның те­ле­фон­да­ры:
1) бас­шы­ның, бас ин­же­нер­дің ____
2) бас энер­ге­тиктің ____________
3) ша­ғын стан­ция ке­зек­ші­сі­нің ________________________________
11. Энер­гия бе­ру­ші және (неме­се) энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ның қо­рек­тен­ді­ру ор­та­лы­ғы­ның (же­лі­сі­нің) нө­мі­рі неме­се ата­уы _____________(транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ция; та­ра­ту пунк­ті; қо­сал­қы стан­ци­я­лар)
12. Қо­рек­тен­ді­ру же­лі­ле­рі­нің са­ны _______________
6. Ауы­сым­ды­лық және жыл ішін­де­гі жұ­мыс са­ғат­та­ры­ның са­ны ________
13. Энер­ги­я­мен жаб­дық­тау се­нім­ді­лі­гі­нің са­нат­ты _________
7. Тұ­ты­ну­шы­ның нақ­ты ең көп жүк­те­ме­сі:
1) қы­сқы ___________________ кВт
2) жаз­ғы ___________________ кВт
Авариялық және технологиялық бронь актісін кәсіпорын (электр
энергиясын тұтынушы) ___________________________
(лауазымы, аты-жөні)
өкілдерімен бірлесіп, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия
беруші ұйымның өкілдері арасында жасады __________________________
(лауазымы, аты-жөні)
20___ жылғы "___"____________
р/с

1-БӨ­ЛІМ. Ава­ри­я­лық бронь
2-БӨ­ЛІМ. Тех­но­ло­ги­я­лық бронь
Ажы­ра­тыл­май­тын электр қа­был­да­ғы­штар­дың тіз­бе­сі
Тәу­лік­тік қа­жет­ті­лік
р/с

Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стер мен опе­ра­ци­я­лар­дың тіз­бе­сі
Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің ұз­ақ­тығы (са­ғат)
То­лық тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің қа­жет­ті­лі­гі
жүк­те­ме бой­ын­ша, кВт
тұ­ты­ну бой­ын­ша, мың кВт.сағ.
жүк­те­ме бой­ын­ша, кВт
тұ­ты­ну бой­ын­ша, мың кВт.сағ.
қы­сқы
жаз­ғы
қы­сқы
жаз­ғы
қы­сқы
жаз­ғы
қы­сқы
жаз­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
3-БӨ­ЛІМ. Энер­ги­я­мен жаб­дық­тау көз­де­рі және қо­рек­тен­ді­ру же­лі­ле­рін­де­гі жүк­те­ме­лер
р/с

Энер­гия бе­ру­ші және (неме­се) энер­ги­я­мен жаб­дық­тай­тын ұй­ым­ды қо­рек­тен­ді­ре­тін ор­та­лық­тың нө­мі­рі неме­се ата­уы
Тұ­ты­ну­шы­ны қо­рек­тен­ді­ре­тін же­лі­нің нө­мі­рі неме­се ата­уы
Тұ­ты­ну­шы же­лі­сі­нің жүк­те­ме­сі (кВт)
Тех­но­ло­ги­я­лық бронь
Ава­ри­я­лық бронь
Негіз­гі электр қа­был­да­ғы­штар­дың тіз­бе­сі
Же­лі­де­гі тех­но­ло­ги­я­лық брон­ның жүк­те­ме­сі (кВт)
Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті аяқ­та­у­ға қа­жет­ті уа­қыт са­ғат­пен
Электр қа­был­да­ғы­штар­дың тіз­бе­сі
Же­лі­де­гі ава­ри­я­лық брон­ның жүк­те­ме­сі (кВт)
Жүк­те­ме қан­дай же­лі­ге және қан­дай құ­рал­дар­мен (ре­зерв­ті ав­то­мат­тық қо­су неме­се қол­мен) ауы­сты­ры­ла­ды
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
4-БӨ­ЛІМ. Жүк­те­ме бой­ын­ша энер­гия тұ­ты­ну ре­жим­де­рі:
1. Энер­гия бе­ру­ші және (неме­се) энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ның электр же­лі­ле­рін­де­гі қу­ат­тың ава­ри­я­лық тап­шы­лы­ғы ке­зін­де қо­рек­тен­ді­ру­ші ор­та­лық­тар­дан_____ кВт ағы­ту­ға бо­ла­ды
2. Фи­дер № __________________ Жүк­те­ме___________________________ кВт
3. 20-ба­ға­нын­да көр­се­ті­л­ген уа­қыт біт­кен­нен кей­ін. № ____________ же­лі Жүк­те­ме:_____________________ кВт
5-БӨ­ЛІМ. Энер­гия бе­ру­ші және (неме­се) энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым дис­пет­че­рі­нің та­ла­бы бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы же­дел түр­де ағы­ту­ға мін­дет­ті: Же­лі (фи­дер) № _________________________ Жүк­те­ме ________________________ кВт
6-БӨ­ЛІМ. Энер­гия бе­ру­ші және (неме­се) энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ның және тұ­ты­ну­шы­ның электр қон­дыр­ғы­ла­рын­да­ғы ава­ри­я­ның сал­да­ры­нан же­лі­ні ағы­тқан кез­де энер­гия бе­ру­ші және (неме­се) энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ның дис­пет­че­рі­нің ке­лі­сі­мін­сіз ағы­ты­л­ған жүк­те­ме­ні жұ­мыс күй­ін­де қал­ды­ры­л­ған же­лі­ге ауы­сты­ру­ға тый­ым са­лы­на­ды ___________________ (те­ле­фон)
7-БӨ­ЛІМ. Қол­да­ғы ре­зерв­ті ав­то­мат­тық қо­су құ­ры­л­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға: рұқ­сат еті­ле­ді ______тый­ым са­лы­на­ды _______
8-БӨ­ЛІМ. Ай­рық­ша шар­ттар:
Қо­сым­ша: Ак­ті­ге кә­сі­по­рын­ның 203х277 кө­ле­мін­де­гі электр­мен жаб­дық­тау сыз­ба­сы қо­са бе­рі­ліп, он­да қо­рек­тен­ді­ру­ші же­лі­лер, мен ре­зерв­ті ав­то­мат­тық қо­су ен­гі­зі­л­ген қо­сал­қы стан­ци­я­лар ара­сын­да­ғы бай­ла­ны­стар көр­се­ті­ле­ді.
Энергиямен жабдықтаушы
(энергия беруші) ұйым өкілі _________________
(қолы)
Кәсіпорынның бас энергетигі _________________
(қолы)
Кәсіпорынның бас инженері _________________
(қолы)

Қолданыстағы