Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения
- Атауы (қаз.)
- Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111-1076
- Қабылданған күні
- 31.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2013 AI67079_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12A0000741
- ЭКБ идентификаторы
- 67079
- Редакция идентификаторы
- AI67079_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:41
0 Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы 5-бабының 4-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігінің
Астана қаласы Дін істері
департаментінің директоры
Ж. Дәуренов
Астана қаласы Дін істері
департаментінің бас маманы
А. Мұқажанов
1 Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 111-1076 қаулысына
қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
1.
«Күлтегін» дүкені
Абылай хан даңғылы, № 6/1 үй
2.
«КиК» дүкені
Абылай хан даңғылы, № 29/1 үй
3.
ЖК «И.М.Вороненко»
Абай даңғылы, № 89 үй
4.
«Абай» дүкені
Ә. Бөкейхан көшесі, № 30 үй
5.
«Кәусар» дүкені
Бейбітшілік көшесі, № 69 үй
6.
«Алматы» дүкені
Абай даңғылы, № 39 үй
7.
«Книжный Эльдорадо» дүкені
Бейбітшілік көшесі, № 31 үй
8.
«Эльдорадо» дүкені
Д. Қонаев көшесі, № 35/1 үй