Құжат мәтініне өту

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для оказания им социальной помощи

Өзге акт · № 6/41-V · қабылданған 18.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67084/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для оказания им социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/41-V ·18.07.2012
31.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для оказания им социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/41-V · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан для оказания им социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/41-V
Қабылданған күні
18.07.2012
Көрсетілген редакция
31.03.2014 67084_186888.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VB002637
ЭКБ идентификаторы
67084
Редакция идентификаторы
67084_186888
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:47

0 Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;

4 4) зейнеттік жасындағы тұлғалар, ең төменгі зейнатақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

5 5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

6 6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;

7 7) көп балалы отбасылар, соның ішінде:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

8 8) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы орта білім беретін мектептердің түлектері және студенттер;

9 9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;

10 10) онкологиялық, ВИЧ жұқтырған, АҚТҚ және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;

11 11) дүлей апаттардан зардап шеккен азаматтар (өрт, су тасқыны, дауыл)

2 2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мынадай құжаттар тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмек көрсетуге арналған өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;

4 4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.05.2013 № 17/97-V шешімімен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6 6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7 7) өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі;

8 8) өтініш берушінің екінші деңгейдегі банктегі жеке шоты.

Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы