Құжат мәтініне өту

Об установлении требований по энергоэффективности электродвигателей

Қаулы · № 1040 · қабылданған 10.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67096/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении требований по энергоэффективности электродвигателей Күшін жойған Қаулы ·№ 1040 ·10.08.2012
07.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении требований по энергоэффективности электродвигателей

Күшін жойған Қаулы ·№ 1040 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении требований по энергоэффективности электродвигателей
Атауы (қаз.)
Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1040
Қабылданған күні
10.08.2012
Көрсетілген редакция
07.08.2015 AI67096_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001040
ЭКБ идентификаторы
67096
Редакция идентификаторы
AI67096_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:36

0 Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 1040 қаулысына
қосымша
Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар

1

1. Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды.

2 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) электр қозғалтқыш – электр энергиясын айналмалы не үдемелі қозғалыстың механикалық энергиясына түрлендіруге арналған электр-механикалық құрылғы;

2 2) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;

3 3) электр қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентi (бұдан әрi – ПӘК) – пайызбен көрсетілген электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуаттың электр қозғалтқыштың желіден тұтынатын активті қуатының киловатпен көрсетілген қатынастарына тең коэффициент;

4 4) атаулы қуат – атаулы деректерге қосылған шығу қуатының санмен көрсетiлген мәнi;

5 5) жүктеме – уақыттың осы сәтінде электр торымен немесе онымен біріктірілген тетікпен айналмалы электр машинасынан талап етілетін электрлік және механикалық шамалардың барлық сандық мәндерi;

6 6) режим – егер бұл қажет болса, іске қосу кезеңдерін, электрлік тоқтатуды, бос жүрісті, ажырату және тыныштық күйін, сондай-ақ олардың ұзақтығы мен уақыттағы бірізділігін қоса алғанда, машина арналған жүктеменiң (жүктемелердің) өзгеру сипаттамасы;

7 7) қайталанатын қысқа уақыттық кезеңдік режим – жылудың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін жүктемемен жұмыс істеу ұзақтығы жеткіліксіз болғанда қозғалтқыш жұмысының біркелкі циклдерінің бірізділігі.

3 3. Осы талаптар:

1 1) 0,75 тен 375 киловаттқа дейінгіні (бұдан әрi – кВт) қоса алғандағы қуатпен;

2 2) полюс сандары 2, 4, 6;

3 3) тоқ жиілігі 50 гц, кернеу 1000 В дейiнгі;

4 4) номиналды циклдiк ұзақтығы 80 % немесе одан жоғары, жұмыс режимі үздіксіз немесе қайталанатын қысқа уақыттық кезеңдік, арнауы жалпы, қысқа-тұйық роторлы үш фазалық асинхрондық электр қозғалтқыштарына (бұдан әрi – электр қозғалтқыштары) қолданылады.

4 4. Осы талаптар полюстардың саны 8 және одан жоғары электр қозғалтқыштарға, жер бетi, теңiз және әуе көлiктерінде қолданылатын арнайы қозғалтқыштарға, жарылыстан қорғалған қозғалтқыштарға, сырғанау мүмкіндігі жоғары көп жылдамдықты қозғалтқыштарға қолданылмайды.

5 5. Электр қозғалтқыштарға ПӘК мәндері бойынша талаптар қойылады, олар осы талаптарға қосымшада көрсетілген мәндерге тең немесе жоғары болуы тиіс.

20 Электр қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенттері (%)

Электр қозғалтқыштарының
энергия тиімділігі бойынша
талаптарға
қосымша
Электр қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенттері (%)
Р/с №
Pн (но­ми­нал­ды қу­а­ты) кВт
По­лю­стер­дің са­ны
2
4
6
1
2
3
4
5
1
0,75
72,1
72,1
70,0
2
1,1
75,0
75,0
72,9
3
1,5
77,2
77,2
75,2
4
2,2
79,7
79,7
77,7
5
3
81,5
81,5
79,7
6
4
83,1
83,1
81,4
7
5,5
84,7
84,7
83,1
8
7,5
86,0
86,0
84,7
9
11
87,6
87,6
86,4
10
15
88,7
88,7
87,7
11
18,5
89,3
89,3
88,6
12
22
89,9
89,9
89,2
13
30
90,7
90,7
90,2
14
37
91,2
91,2
90,8
15
45
91,7
91,7
91,4
16
55
92,1
92,1
91,9
17
75
92,7
92,7
92,6
18
90
93,0
93,0
93,3
19
110
93,3
93,3
93,3
20
132
93,5
93,5
93,5
21
160
93,8
93,8
93,8
22
200-ден 375-ке дей­ін
94,0
94,0
94,0

Қолданыстағы