Құжат мәтініне өту

Об утверждении механизма оценки деятельности местных исполнительных органов по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности

Қаулы · № 1047 · қабылданған 15.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67099/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении механизма оценки деятельности местных исполнительных органов по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности Күшін жойған Қаулы ·№ 1047 ·15.08.2012
02.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении механизма оценки деятельности местных исполнительных органов по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности

Күшін жойған Қаулы ·№ 1047 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении механизма оценки деятельности местных исполнительных органов по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1047
Қабылданған күні
15.08.2012
Көрсетілген редакция
02.04.2015 AI67099_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001047
ЭКБ идентификаторы
67099
Редакция идентификаторы
AI67099_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:34

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 тамыздағы
№ 1047 қаулысымен
бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі (бұдан әрі – тетік) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы тетікте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) энергетикалық аудит (энергия аудиті) - энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

2 2) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;

3 3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;

4 4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3 3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыретінің шегінде іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметі бағалау объектісі болып табылады.

2 2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі

4 4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық тасығыштарда уәкілетті органға есеп береді.

5 5. Облыстың жергілікті атқарушы органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық тасығыштарда уәкілетті органға есеп береді.

6 6. Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметін бағалау үшiн уәкiлеттi орган ұсынылған есептерге мынадай өлшемдер бойынша талдау жүргізеді:

1 1) өз құзыреті шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

2 2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;

3 3) мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру;

4 4) мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру;

5 5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;

6 6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;

7 7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету;

8 8) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру.

7

7. Энергия үнемдеу мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін бағалауды уәкілетті орган осы тетіктің 8-тармағына сәйкес өлшемдердің балдары бойынша 40 және 10-балдық шкалалық жүйе бойынша жүзеге асырады.
Әрбір өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиiстi балдар шығарылады.

8 8. Жергiлiктi атқарушы органның қызметін бағалау өлшемдерінің көрсеткiштері мыналар болып табылады:

1 1) аумақтарды дамыту бағдарламасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы нысаналы индикаторлар мен міндеттердің пайыздық орындалуы (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);

2 2) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауын мониторингілеудің пайыздық қамтуы (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);

3 3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерде өткiзiлген энергия аудитінің жыл сайынғы саны (1-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);

4 4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерді терможаңғыртудың жыл сайынғы саны (1-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);

5 5) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған орнатылған энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарының саны (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);

6 6) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің саны (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);

7 7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябаққа және көшеге жарық берудің үлесі (1-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);

8 8) тұрғындарда пайдалануда болған, кәдеге жаратылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдардың үлесі (1-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл).

9 9. Жергiлiктi атқарушы органдардың қорытынды бағасы барлық өлшемдер бойынша алынған есеп нәтижелерін қосу арқылы анықталады.

Қорытынды баға:

1 1) балдардың жалпы санының 60 %-ынан төмен немесе соған тең болса «төмен»;

2 2) балдардың жалпы санының 60-85 % аралығында болса «орташа»;

3 3) балдардың жалпы санының 85 %-ға тең немесе одан жоғары болса «жоғары» болып саналады.

10

10. Бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей, осы тетіктің 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды әзірлейді.

11 11. Жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бағалау нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

1 Есеп беру нысаны ___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган атауы)

Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
1-қосымша
Есеп беру нысаны ___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган атауы)
__________________
(есепті кезең)
р/с №
Іс-ша­ра­ның ата­уы
Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор/ жал­пы са­ны
Оның ішін­де
Есеп­ті ке­зең ішін­де орын­дал­ған жұ­мыс ту­ра­лы ақ­па­рат
Есеп­ті ке­зең ішін­де
Бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
1
Аумақ­ты да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сын­да­ғы энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар мен мін­дет­тер­ді және өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де бел­гі­лен­ген ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­дан мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты орын­да­уы
2
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ты­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің энер­гия тұ­ты­ну нор­ма­тив­те­рін сақ­та­уын мо­ни­то­рин­гі­ле­удің пай­ы­здық қам­туы
3
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ты­сты пай­ы­здық мән­де мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер­де өт­кiзiл­ген энер­гия ауди­ті­нің жыл сай­ын­ғы са­ны
4
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ты­сты пай­ы­здық мән­де мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер­ді тер­мо­жаң­ғыр­ту­дың жыл сай­ын­ғы са­ны
5
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ты­сты пай­ы­здық мән­де мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ге ар­нал­ған ор­на­ты­л­ған энер­ге­ти­ка ре­сур­ста­рын есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның са­ны
6
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ты­сты пай­ы­здық мән­де, мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ге ар­нал­ған жы­лу тұ­ты­ну­ды рет­те­удің ор­на­ты­л­ған ав­то­мат­ты жүй­е­ле­рі­нің са­ны
7
Энер­гия үнем­дей­тін шам­дар­ды пай­да­ла­ну­ды ес­ке­ре оты­рып, жаң­ғыр­ты­л­ған са­яб­ақ­қа және кө­ше­ге жа­рық бе­ру­дің үле­сі
8
Тұр­ғын­дар­да пай­да­ла­ну­да болған, кә­де­ге жа­ра­ты­л­ған құ­ра­мын­да сы­нап бар энер­гия үнем­дей­тін шам­дар­дың үле­сі
Ес­керт­пе:
- осы жол үшiн 2-7-ба­ға­на­лар­ды тол­ты­ру мiн­дет­тi емес;
3-ба­ған­да (ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор/жал­пы сан) көр­се­ті­ле­ді:
1-жол­да ке­ректі ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар;
2-6-жол­дар­да - әкiм­шiлiк-аумақ­тық бiр­лiк­тің мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны;
7-жол­да - әкiм­шiлiк-аумақ­тық бiр­лiк­те ор­на­лас­қан са­ябақ­тар мен кө­ше жа­ры­ғы жал­пы са­ны.

2 Есеп беру нысаны ___________________________________________________________________ (облыстың жергілікті атқарушы органының атауы)

Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
2-қосымша
Есеп беру нысаны ___________________________________________________________________ (облыстың жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________
(есепті кезең)
Р/с №
Іс-ша­ра­ның ата­уы
Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор/ жал­пы са­ны
Оның ішін­де
Есеп­ті ке­зең ішін­де орын­дал­ған жұ­мыс ту­ра­лы ақ­па­рат
Есеп­тік ке­зең ішін­де
Бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
1
Аумақ­ты да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сын­да­ғы энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар мен мін­дет­тер­ді және өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де бел­гі­лен­ген ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­дан мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты орын­да­уы
2
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ты­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің энер­гия тұ­ты­ну нор­ма­тив­те­рін сақ­та­уын мо­ни­то­рин­гі­ле­удің пай­ы­здық қам­туы

3 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды ___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
3-қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды ___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есепті кезең)
Р/с

Ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Әр­бір өл­шем­ді ба­ға­лау бал­да­ры
1
Өз құ­зы­ре­ті шең­бе­рін­де энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты және ти­іс­ті аумақ­ты да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­на ен­гі­зі­л­ген энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру
2
Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің энер­гия тұ­ты­ну­дың нор­ма­тив­те­рін сақ­та­уы­на мо­ни­то­ринг­ті жү­зе­ге асы­ру
3
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­де энер­гия ауди­тін өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру
4
Мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер­дi тер­мо­жаң­ғыр­ту­ды өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру
5
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін энер­ге­ти­ка ре­сур­ста­рын есеп­ке алу ас­пап­та­рын са­тып алу және ор­на­ту
6
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін жы­лу тұ­ты­ну­ды рет­те­удің ав­то­мат­ты жүй­е­ле­рін са­тып алу және ор­на­ту
7
Энер­гия үнем­дей­тін шам­дар­ды пай­да­ла­ну­ды ес­ке­ре оты­рып, са­яб­ақ­қа және кө­ше­ге жа­рық бе­ру­ді жаң­ғыр­ту­ды қам­та­ма­сыз ету
8
Тұр­ғын­дар­да пай­да­ла­ну­да болған, құ­ра­мын­да сы­нап бар энер­гия үнем­деу шам­да­рын кә­де­ге жа­ра­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру
Жал­пы ба­ға­лау:
Жал­пы ба­ға­ла­удың мәні:
Бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін талдау:
_____________________________________________________________________

Тұжырымдар мен ұсынымдар: ___________________________________________

Мемлекеттік
органның басшысы ______________________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
Мемлекеттiк органның
тиiстi құрылымдық
бөлiмшесiнің басшысы ________________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
20___жылғы «____» ______________

4 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды ___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
тетігіне
4-қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды ___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есепті кезең)

Ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Әр­бір өл­шем­ді ба­ға­лау бал­да­ры
1
Өз құ­зы­ре­ті шең­бе­рін­де энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты және ти­іс­ті аумақ­ты да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­на ен­гі­зі­л­ген энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру
2
Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің энер­гия тұ­ты­ну­дың нор­ма­тив­те­рін сақ­та­уы­на мо­ни­то­ринг­ті жү­зе­ге асы­ру
Жал­пы ба­ға­лау:
Жал­пы ба­ға­ла­удың мәні:
Бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін талдау:

Қолданыстағы