Құжат мәтініне өту

Об установлении требований по энергоэффективности транспорта

Қаулы · № 1048 · қабылданған 15.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67100/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об установлении требований по энергоэффективности транспорта Күшін жойған Қаулы ·№ 1048 ·15.08.2012
17.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении требований по энергоэффективности транспорта

Күшін жойған Қаулы ·№ 1048 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении требований по энергоэффективности транспорта
Атауы (қаз.)
Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1048
Қабылданған күні
15.08.2012
Көрсетілген редакция
17.07.2015 AI67100_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001048
ЭКБ идентификаторы
67100
Редакция идентификаторы
AI67100_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:34

0 Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 тамыздағы
№ 1048 қаулысына
қосымша
Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар

1

1. Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленіп, көліктің энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды.

2 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;

2 2) көлік энергия тиімділігінің көрсеткіші – қозғалтқыш тұтынған энергиясының жиынтық көлеміне пайдалы қолданылған энергия қатынасымен айқындалған энергияны түрлендіруге қатысты тиімділік сипаттамасы;

3 3) отынның үлестік шығысы – көліктің бір сағаттағы қуат бірлігіне отын бірлігінің шығысы;

4 4) отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы) – салмағы 1 кг отын толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін шама.

3 3. Осы талаптар осы талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін әкелінген (импортталған) және шығарылған темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе және қалалық электр көліктеріне, оның ішінде метрополитенге таралады.

4 4. Көлікке осы талаптарға қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша талаптар қойылады.

5 5. Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіші былайша айқындалады:

ЭТ %-бен = 100 / (кг/кВт сағ-тағы отынның үлестік шығысы кВт сағ/кг-дағы отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы).

13 Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіштері

Көліктің энергия тиімділігі
бойынша талаптарға
қосымша
Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіштері
Р/с №
Кө­лік тү­рі­нің ата­уы
ЭТ, %-бен
1
2
3
1
Ав­то­мо­биль:
та­би­ғи га­з­да­ғы қоз­ғалт­қыш
ди­зель­дік қоз­ғалт­қыш
бен­зин­дік қоз­ғалт­қыш
ги­брид­тік ав­то­мо­биль (бен­зин/электр)
электр қоз­ғалт­қыш
66
60
60
75,7
52,5
2
Авиа­ци­я­лық қоз­ғалт­қы­штар
40
3
Те­мір жол
теп­ло­воз
элек­тро­воз
41
82
4
Те­ңіз кө­лі­гі
60
5
Іш­кі су
60
6
Қа­ла­лық электр кө­лі­гі, оның ішін­де
мет­ро­по­ли­тен
75

Қолданыстағы