Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых при осуществлении надзора за лицами, отбывающими наказание в виде ограничения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых при осуществлении надзора за лицами, отбывающими наказание в виде ограничения свободы
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1061
- Қабылданған күні
- 17.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2015 AI67114_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001061
- ЭКБ идентификаторы
- 67114
- Редакция идентификаторы
- AI67114_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:33
0 Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі
Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарға қадағалауды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.
1 1. Дербес бақылау құралдары:
1 1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);
2
2) дербес трекер (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналдары бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар, білезік түріндегі электрондық құрылғы);
3
3) стационарлық бақылау құрылғысы (адамның үй-жайда немесе белгіленген аумақта болу режимін бақылау үшін радиоэлектрондық білезік сигналдарын үздіксіз тәулік бойы қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);
4
4) мобильді бақылау құрылғысы (адамның белгілі бір жерден тыс болған кезде стационарлық бақылау құрылғысымен жарақталған радиоэлектрондық білезікпен бірге тағуға арналған, ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналдары бойынша оның орналасқан жерін қадағалауды, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);