Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного лесного пользования и выдачи разрешения на использование этих участков под строительство таких объектов

Қаулы · № 953 · қабылданған 20.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67132/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного лесного пользования и выдачи разрешения на использование этих участков под строительство таких объектов Күшін жойған Қаулы ·№ 953 ·20.07.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного лесного пользования и выдачи разрешения на использование этих участков под строительство таких объектов

Күшін жойған Қаулы ·№ 953 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного лесного пользования и выдачи разрешения на использование этих участков под строительство таких объектов
Атауы (қаз.)
Орман ресурстары сауықтыру, рекреакциялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
953
Қабылданған күні
20.07.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI67132_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000953
ЭКБ идентификаторы
67132
Редакция идентификаторы
AI67132_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:46

0

Орман ресурстары сауықтыру, рекреакциялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 шілдедегі
№ 953 қаулысымен
бекітілген
Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалардың әрекеті заңды тұлға құқығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, мемлекеттік орман қорының аумағына қолданылады.

3

3. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға мемлекеттік орман қоры учаскелері (бұдан әрі – құрылыс объектілерін салуға учаскелер) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты қолданылатын мерзімге беріледі.

2 2. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және оларды пайдалануға рұқсат беру тәртібі

4 4. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаске беруді және оларды пайдалануға рұқсат беруді орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) жүзеге асырады.

5

5. Құрылыс объектілерін салуға учаске және оларды пайдалануға рұқсат алу үшін орман пайдаланушы ведомствоға тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизін (эскиздік жобаны) мына құжаттармен қоса береді:

1 1) құрылыс объектісінің эскизін (эскиздік жобаны) келісу және учаскені құрылыс объектісін салу үшін пайдалануға рұқсат беру туралы еркін нысандағы түрде жазбаша өтініш;

2 2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін түпнұсқасымен бірге оның көшірмесі;

3 3) эскизіге (эскиздік жобаға) мемлекеттік экологиялық және  санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары;

4 4) мемлекеттік орман иеленушінің жазбаша келісімі.

6 6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішті ведомство ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Эскизге (эскиздік жобаға) ескертулер болмаған жағдайда ведомство келісіп, мөрмен куәландырады.

Ескертулер болған жағдайда құжаттар көрсетілген ескертулерді жою үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге орман пайдаланушыға қайтарылады, осыдан кейін құжаттар ведомствоға қайта беріледі.
Орман пайдаланушы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда ведомство өтініш тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттарды бас тарту себептерін жазбаша көрсетіп, өтініш берушіге қайтарады.

7 7. Ведомство келісілген эскизбен (эскиздік жобамен) бір мезгілде орман пайдаланушыға учаскеге құрылыс салуға жазбаша рұқсат береді, ол белгіленген объектіні жобалауға орман пайдаланушының тапсырмасын жасауға негіз болып табылады.

8 8. Жүмыстары басталғанға дейін орман пайдаланушы құрылысты бастайтыны туралы мемлекеттік орман иленушіні және ведомствоның аумақтық органдарын хабардар етеді.

9

9. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 102-2-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы