Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, условно осужденных и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Жаксынском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, условно осужденных и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Жаксынском районе
- Атауы (қаз.)
- Жақсы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-7/303
- Қабылданған күні
- 03.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2014 AI67137_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BM000159
- ЭКБ идентификаторы
- 67137
- Редакция идентификаторы
- AI67137_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:39
0 Жақсы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, шартты түрде сотталған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жақсы ауданында бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.