Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг

Бұйрық · № 394 · қабылданған 11.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67167/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 394 ·11.07.2012
20.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 394 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
394
Қабылданған күні
11.07.2012
Көрсетілген редакция
20.03.2014 AI67167_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007838
ЭКБ идентификаторы
67167
Редакция идентификаторы
AI67167_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:50

0 Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру»;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру»;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу»;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттік қызметтерінің регламенттері бекітілсін.

2 2. Көші-қон полициясы комитеті (П.К.Нокин):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 394 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметтің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді.

2 2. Осы Регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады:

тұтынушы – мемлекеттік қызметке өтініш білдірген жеке адам;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының аумағында жарамды құжат;
жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған формуляр – жеке басты сәйкестендіру мақсатында пайдаланылатын дербес деректер туралы ақпаратты тасымалдаушы болып табылатын және халықты құжаттандыру жүйесі автоматтандырылған режимде қалыптастыратын нөмірі және штрих коды бар қатаң есептегі баспаханалық бланк (бұдан әрі - формуляр);
жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған электрондық формуляр – «ХҚТ ТО» ақпараттық жүйе арқылы (бұдан әрі - электрондық формуляр) толтырылған нөмірі және штрих-коды бар қатаң есептегі бланк болып табылады. Электрондық формулярдың нөмірін автоматтандырылған режимде бірыңғай ақпараттық жүйемен қалыптастырады;
электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) – электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық сандық символдардың жиыны және құжаттандыруға арналған электрондық өтінімді орталық тарапқа беру сатысында қолданылады;
құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

3

3. Мемлекеттік қызметті Стандарттың 1 және 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi – Орталық) «Халықты құжаттандыру және тiркеу» тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – ХҚТ ТП) қолдана отырып, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны iшiнара автоматтандырылған.

5 5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру ережесiнің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нәтижесi тұтынушыға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлiгiн беру не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар және өзге де субъектілер:

1 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (КҚПК) – формулярларды тексеру;

2 2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (ҚАІІО) – құжаттарды қабылдау және беру;

3 3) Орталық – құжаттарды қабылдау және беру;

4 4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны («АӨО» РМК) – құжаттарды дайындау.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықта көрсетіледі. Қабылдау жұмыс күндері күн сайын, түскі үзіліссіз, Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі және құжаттардың тізімі, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінiң (бұдан әрі – ІІМ): www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) және облыстардың, Астана, Алматы қалалары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы стендiлерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күнінен бастап Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін бергенге дейін – 30 күнтізбелік күн;

2 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсырған кезде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты - 30 минут;

3 3) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алған кезде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты - 30 минут.

11 11. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетіледі.

12 12. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тұтынушының ұсынбауы.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа уәкілетті органның қызметкерлеріне ұсынады;

2 2) тұтынушы ұсынған құжаттар бойынша уәкілетті органның қызметкері ХТҚ ТП арқылы деректер базасында жеке басты сәйкестендіруді, өтінімді тіркеуді жүргізеді, электрондық формулярды толтырады және енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін тұтынушыға ақпараттық парақты береді;

3 3) толтырылған электрондық формулярды тексереді, ЭСҚ-ны растайды және ХТҚ ТП орталық торабына жібереді;

4 4) мемлекеттік қызметті қағаз тасымалдағышта көрсету кезінде формулярды толтырады, дербес кодты, күнін, қолын қояды және тұтынушыға формулярдың түбіртегін береді;

5

5) қағаз тасымалдағышта ресімделген формулярларды нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7324 тіркелген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – ІІМ-нің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығы) КҚПК-ге жібереді;

6 6) КҚПК электрондық және қағаз түріндегі формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексереді;

7 7) тексерілгеннен кейін формулярлар дайындау үшін «АӨО» РМК-ға жіберіледі, ал толықтыруды қажет ететін формулярлар аумақтық көші-қон полициясы бөліністеріне жіберіледі;

8 8) «АӨО» РМК құжаттарды дайындайды және дайын құжаттарды Орталыққа жібереді;

9 9) уәкілетті органның қызметкері электрондық формулярдың толтырылған жері бойынша дайындалған құжаттарды тұтынушыға ХТҚ ТП арқылы береді;

10 10) тұтынушыға дайындалған құжаттар берілгеннен кейін электрондық және қағаз формулярлар ІІМ-нің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығының талаптарына сәйкес картотекаға қосылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимылдың) сипаттамасы

13 13. Құжаттарды қабылдау Орталықтың операциялық залдарында орналасқан ХТҚ ТП «жұмыс орындары» арқылы жүзеге асырылады, оларда уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына ҚФБ қатысады:

1 1) ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қалада), кенттік басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

2 2) қалалық, аудандық, аудандық (қалада) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері;

3 3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) көші-қон полициясы басқармасының қызметкері;

4 4) КҚПК-нің қызметкері;

5 5) «АӨО» РМК.

15 15. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты санкцияланбаған алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты санкцияланбаған өзгертуден қорғау);

3 3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды санкцияланбаған ұстап қалудан қорғау).

16 16. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының кестелік сипаттамасы олардың орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентте 1-қосымшада келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәлiктер беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
1-кесте. Құрылымдық-функциялық бірліктің әрекеттерінің сипаттамасы.
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның)  әре­кет­те­рі
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ-ның ата­уы
Ор­та­лық, ҚА­І­ІО
Ор­та­лық, ҚА­І­ІО
Ор­та­лық, ҚА­І­ІО
КҚПБ
КҚПК
КҚПК
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау
Тұ­ты­ну­шы Стан­дарт­тың 11-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың бі­ре­уін ұсы­ну­дан бас тар­ту ке­зін­де, құ­жат­тар тұ­ты­ну­шы­ға қай­та­ры­ла­ды
Де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тек­се­ру, өті­нім­ді тір­кеу, элек­трон­дық фор­му­ляр­ды тол­ты­ру, фо­то­су­рет­ке тү­сі­ру, ЭСҚ-ны рас­тау.
Қа­ғаз фор­му­ляр тол­ты­ры­л­ған кез­де дер­бес кодын, кү­нін және қо­лын қою.
ҚА­І­ІО-да 3 да­на­да ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру, оның бі­рін­ші­сі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі - фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПБ-ға (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта) бе­рі­ле­ді.
Ре­сім­дел­ген элек­трон­дық фор­му­ляр тек­се­ру үшін КҚПБ-ға ХТҚ ТП «жұ­мыс ор­ны­ның» ко­ды ар­қы­лы бе­рі­ле­ді
Фор­му­ляр­лар­ды тол­ты­ру­дың негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, 3 да­на­да жиын­тық ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру, бі­рін­ші­сі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі аудан­дық ті­зі­лім­дер­мен және фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПК-ге (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта) жі­бе­рі­ле­ді.
Тол­ты­ры­луы­ның негіз­ді­лі­гі тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін элек­трон­дық фор­му­ляр ХТҚ ТП-ның ор­та­лық то­ра­бы­на жі­бе­рі­ле­ді.
КҚПБ-дан алын­ған жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді ІІД КҚПБ-дан кі­ріс жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта)
Жиын­тық ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген фор­му­ляр­лар­ды, оның ішін­де қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта, тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім­дер)
Тұ­ты­ну­шы­ның өті­ні­шін тір­кеу
Тұ­ты­ну­шы­ға то­лық емес құ­жат­тар­дың па­ке­тін қай­та­ру
Тұ­ты­ну­шы­ға өті­нім­ді элек­трон­дық тір­кеу та­ло­нын бе­ру.
Тұ­ты­ну­шы­ға фор­му­ляр­дың тү­бір­те­гін бе­ру
Ті­зі­лім
Жиын­тық ті­зі­лім
Кі­ріс тір­кеу
нө­мі­рі
Жиын­тық ті­зі­лім­ді қол­таң­ба­мен рас­тау
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
30 ми­нут
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік үшін – 1 жұ­мыс кү­ні,
3-са­нат үшін – 2 жұ­мыс кү­ні, жал­пы тәр­тіп­пен – 5 жұ­мыс кү­ні
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік үшін – 1 жұ­мыс кү­ні,
3-са­нат үшін – 2 жұ­мыс кү­ні, жал­пы тәр­тіп­пен – 5 жұ­мыс кү­ні
1 күн
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік үшін – 1 жұ­мыс кү­ні,
3-са­нат үшін – 2 жұ­мыс кү­ні, жал­пы тәр­тіп­пен – 5 жұ­мыс кү­ні
1-кестенің жалғасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) әре­кет­те­рі
1
7
8
9
10
11
12
13
14
2
КҚПК
«АӨО» РМК
КҚПК
КҚПК
КҚПБ
КҚПБ
ҚА­І­ІО
Ор­та­лық
3
Аудан­дық ті­зі­лім­дер­мен бір­ге жиын­тық ті­зі­лім­нің бі­рін­ші да­на­сын но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігу, екін­ші да­на­сын аудан­дық ті­зі­лім­дер­мен және фор­му­ляр­лар­мен бір­ге «АӨО» РМК-ға жі­бе­ру
Құ­жат­тар­ды дай­ын­дау, олар­ды фор­му­ляр­лар­мен, дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лі­мі­мен және жиын­тық ті­зі­лім­нің да­на­сы­мен бір­ге КҚПК-ге жі­бе­ру
Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рін тір­кеу, жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру
Жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім­ді дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рі­мен, дай­ын құ­жат­тар­мен, фор­му­ляр­лар­мен және қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта ре­сім­дел­ген­дер үшін – жиын­тық ті­зі­лім­нің да­на­сы­мен бір­ге аудан­дық­тар­мен бір­ге КҚПБ-ға жі­бе­ру
Жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім­ді және жиын­тық ті­зі­лім­нің үшін­ші да­на­сын но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігу
Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лі­мін дай­ын құ­жат­тар­мен, фор­му­ляр­лармен және ҚА­І­ІО ті­зі­лі­мі­нің да­на­сы­мен бір­ге ҚА­І­ІО-ға жі­бе­ру
Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лі­мін дай­ын құ­жат­тар­мен, фор­му­ляр­лар­мен бір­ге ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лық­та­ры­на жі­бе­ру.
Фор­му­ляр­лар­ды ҚА­І­ІО-ның кар­то­те­ка­сы­на ен­гі­зу
Тұ­ты­ну­шы­ға дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру
4
Іле­с­пе хат
Дай­ын құ­жат­тар
Жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім
Ті­зі­лім­ді жі­бе­ру үшін КҚПБ-ға жол­дау
Іле­с­пе ті­зі­лім
Іле­с­пе ті­зі­лім
Іле­с­пе ті­зі­лім
Іле­с­пе ті­зі­лім
5
1 күн
1-са­нат­та­ғы же­дел­дік үшін – 1 жұ­мыс кү­ні,
2-са­нат үшін – 3 жұ­мыс кү­ніне дей­ін,
3-са­нат үшін – 5 жұ­мыс кү­ніне дей­ін, жал­пы тәр­тіп­пен – 10 жұ­мыс кү­ніне дей­ін
1, 2, 3-са­нат­тар­да­ғы же­дел­дік үшін – күн сай­ын, жал­пы тәр­тіп­пен – 5 жұ­мыс кү­ніне дей­ін
1, 2, 3-са­нат­тар­да­ғы же­дел­дік үшін – күн сай­ын, жал­пы тәр­тіп­пен – 5 жұ­мыс кү­ніне дей­ін
1 күн
1 күн
1 күн
10 ми­нут
Пайдалану нұсқалары.
2-кесте. Негізгі үдеріс – Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар жеке куәліктер ресімдеу
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) әре­кет­те­рі
ҚА­І­ІО, Ор­та­лық
КҚПБ
КҚПБ
«АӨО» РМК
1. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
4. Фор­му­ляр­ды тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, 3 да­на­да жиын­тық ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру, бі­рін­ші­сі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПК-ге жі­бе­рі­ле­ді.
5. КҚПБ-дан алын­ған жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді ІІД КҚПБ-дан кі­ріс жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді есеп­ке алу кі­та­бы­на тір­кеу
8. Құ­жат­тар­ды дай­ын­дау, олар­ды фор­му­ляр­лар­мен, дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лі­мі­мен және жиын­тық ті­зі­лім­нің да­на­сы­мен бір­ге КҚПК-ге жі­бе­ру.
2. Де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру, өті­нім­ді тір­кеу, тол­ты­ру, элек­трон­дық фор­му­ляр­ды ЭСҚ-мен рас­тау. Тұ­ты­ну­шы­ға тір­кеу та­ло­нын бе­ру.
11. Жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім­ді және жиын­тық ті­зі­лім­нің үшін­ші да­на­сын но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігу
6. Жиын­тық ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген фор­му­ляр­лар­ды, оның ішін­де қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта, тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, із­де­сті­ру­де­гі­лер­дің де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­лар­ды тек­се­ру
3. ҚА­І­ІО-ның ті­зі­лі­мін 3 да­на­да қа­лып­та­сты­ру, бі­рін­ші­сі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі қа­ғаз фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПБ-ға жі­бе­рі­ле­ді.
Ре­сім­дел­ген элек­трон­дық фор­му­ляр ХТҚ ТП-ның ко­ды ар­қы­лы ХТҚ ТП-ның ор­та­лық то­ра­бы­на жі­бе­рі­ле­ді.
12. Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рін дай­ын құ­жат­тар­мен, фор­му­ляр­лар­мен және ҚА­І­ІО ті­зі­лі­мі­нің да­на­сы­мен бір­ге ҚА­І­ІО-ға жі­бе­ру
7. Жиын­тық ті­зі­лім­нің бі­рін­ші да­на­сын аудан­дық ті­зі­лім­нің бір да­на­сы­мен но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігу, екін­ші да­на­сын аудан­дық ті­зі­лім­дер­мен және фор­му­ляр­лар­мен бір­ге «АӨО» РМК-ға жі­бе­ру
13. Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рін дай­ын құ­жат­тар­мен, фор­му­ляр­лар­мен бір­ге ХҚКО-ға жі­бе­ру. Фор­му­ляр­лар­ды ҚА­І­ІО-ның кар­то­те­ка­сы­на ен­гі­зу
9. Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лі­мін тір­кеу, жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру
14. Тұ­ты­ну­шы­ға дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру
10. Жі­бе­ру­ге ар­нал­ған ті­зі­лім­ді дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рі­мен, дай­ын құ­жат­тар­мен, фор­му­ляр­лар­мен және қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта ре­сім­дел­ген­дер үшін – жиын­тық ті­зі­лім­нің да­на­сы­мен бір­ге аудан­дық­тар­мен бір­ге КҚПБ-ға жі­бе­ру
3-кесте. Баламалы үдеріс - Қазақстан Республикасының азаматтарына құжаттар ресімдеуден бас тарту.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
КҚПБ
КҚПК
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
4. Фор­му­ляр­ды тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, 3 да­на­да жиын­тық ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру, бі­рін­ші­сі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПК-ге жі­бе­рі­ле­ді.
5. КҚПБ-дан алын­ған жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді ІІД КҚПБ-дан кі­ріс жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді есеп­ке алу кі­та­бы­на тір­кеу
2. Де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру, өті­нім­ді тір­кеу, тол­ты­ру, элек­трон­дық фор­му­ляр­ды ЭСҚ-мен рас­тау.
Тұ­ты­ну­шы­ға тір­кеу та­ло­нын бе­ру
8. Фор­му­ляр­ды ҚА­І­ІО-ға жі­бе­ру
6. Жиын­тық ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген фор­му­ляр­лар­ды, оның ішін­де қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта, тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­лар­ды тек­се­ру
3. ҚА­І­ІО-да 3 да­на­да ті­зі­лім қа­лып­та­сты­ру, бі­рін­ші­сі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПБ-ға жі­бе­рі­ле­ді.
7. Негіз­сіз құ­жат­тан­ды­ру фак­ті­ле­рі анық­тал­ған кез­де – фор­му­ляр­ды КҚПБ-ға қай­та­ру
9. Фор­му­ляр­ды жою неме­се кү­шін жою, жою ту­ра­лы акт жа­сау және оны қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігу

2 Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәлiктер беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы

2 «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 394 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді.

2 2. Осы Регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады:

тұтынушы – мемлекеттік қызметке өтініш білдірген жеке адам;
уақытша жеке куәлік – Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлігі жоғалған, ол жарамсыз не болмаған кезде берілетін құжат;
құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

3 3. Мемлекеттік қызметті Стандарттың 1 және 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi – Орталық) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру ережесiнің 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нәтижесi тұтынушыға Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлiгiн беру не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар және өзге де субъектілер:

1 1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (ҚАІІО) – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлiгiн ресімдеу;

2 2) Орталық – қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлiгiн беру.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықта көрсетіледі. Қабылдау жұмыс күндері күн сайын, түскі үзіліссіз, Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі және құжаттардың тізімі, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінiң (бұдан әрі – ІІМ): www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) және облыстардың, Астана, Алматы қалалары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардағы стендiлерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін бергенге дейін – 1 жұмыс күні;

2 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсырған кезде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты - 30 минут;

3 3) Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін алған кезде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты - 30 минут.

11 11. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетіледі.

12 12. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды оның ұсынбауы болып табылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушымен Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа ұсыну;

2 2) тұтынушыға тіркеу талонын беру;

3 3) тұтынушыға уақытша жеке куәлігін ресімдеу;

4 4) тұтынушыға уақытша жеке куәлігін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимылдың) сипаттамасы

14 14. Құжаттарды қабылдау Орталықтың операциялық залдарында орналасқан ХТҚ ТП «жұмыс орындары» арқылы жүзеге асырылады, оларда қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына ҚФБ қатысады:

1 1) ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қалада), кенттік басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

2 2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары Орталықтарының қызметкері.

16 16. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты санкцияланбаған алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты санкцияланбаған өзгертуден қорғау);

3 3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды санкцияланбаған ұстап қалудан қорғау).

17 17. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының кестелік сипаттамасы олардың орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентте 1-қосымшада келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы

«Қазақстан Республикасының
азаматтарына уақытша жеке
куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
1-кесте. Құрылымдық-функциялық бірліктің әрекеттерінің сипаттамасы.
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ-ның ата­уы
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін ре­сім­деу, кү­нін, ла­у­а­зы­мын және қо­лын қою
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін бе­ру­ді есеп­ке алу жур­на­лын­да тір­кеу
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
1 жұ­мыс кү­ні
Пайдалану нұсқалары.
2-кесте. Негізгі үдеріс – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін ре­сім­деу, кү­нін, ла­у­а­зы­мын және қо­лын қою
4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін бе­ру
3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін бе­ру­ді есеп­ке алу жур­на­лын­да тір­кеу
3-кесте. Баламалы үдеріс - Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеуден бас тарту.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның уа­қыт­ша же­ке ку­ә­лі­гін алу­ға тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру
4. Тұ­ты­ну­шы­ға құ­жат­тар­ды қай­та­ру
3. Стан­дарт­тың 11-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың бі­рін тұ­ты­ну­шы­ның ұсын­бау фак­ті­ле­рі анық­тал­ған кез­де құ­жат­тар па­ке­ті Ор­та­лық­қа қай­та­ры­ла­ды.

2 Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы

«Қазақстан Республикасының
азаматтарына уақытша жеке
куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы

3 «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттiк қызметінің регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 394 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттiк қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттiк қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттiк қызметінің стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді.

2 2. Осы Регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады:

тұтынушы – мемлекеттік қызметке өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тұрақты тұру үшін келген азаматтарды есепке алу;
құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

3

3. Мемлекеттік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi – Орталық) «Халықты құжаттандыру және тiркеу» тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – ХҚТ ТП) қолдана отырып, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.

5 5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нәтижесi ХТҚ ТП-ның ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу және электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке тұтынушының заңды мекенжайын қайта жазуды жүргізу не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар және өзге де субъектілер:

1 1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (ҚАІІО) – тұрғылықты жерi бойынша тiркеуді ресімдеу;

2 2) Орталық – тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу туралы құжаттарды қабылдау және беру.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚТ ТП арқылы Орталықтарда көрсетіледі. Қабылдау жұмыс күндері күн сайын, түскі үзіліссіз, Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінiң (бұдан әрі – ІІМ): www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) және облыстардың, Астана, Алматы қалалары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендiлерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап ХТҚ ТП арқылы тұтынушының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдегенге дейін – 1 жұмыс күні;

2 2) құжаттарды тапсырған кезде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты - 30 минут;

3 3) дайын құжаттарын алу кезінде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты - 30 минут.

11 11. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетіледі.

12 12. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды оның ұсынбауы негіз болып табылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушымен Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа ұсыну;

2 2) тұтынушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру;

3 3) тұтынушыға құжаттарды қабылдау туралы тіркеу талонын беру;

4 4) тұтынушыны тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеу;

5 5) тұтынушыға дайын құжаттарын беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимылдың) сипаттамасы

14 14. Құжаттарды қабылдау Орталықтың операциялық залдарында орналасқан ХТҚ ТП «жұмыс орындары» арқылы жүзеге асырылады, оларда қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына ҚФБ қатысады:

1 1) ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қалада), кенттік басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

2 2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

16 16. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты санкцияланбаған алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты санкцияланбаған өзгертуден қорғау);

3 3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды санкцияланбаған ұстап қалудан қорғау).

17 17. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының кестелік сипаттамасы олардың орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентте 1-қосымшада келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы

«Қазақстан Республикасының азаматтарын
тұрғылықты жері бойынша тіркеу»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
1-кесте. Құрылымдық-функциялық бірліктің әрекеттерінің сипаттамасы.
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ-ның ата­уы
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау және то­лық­тығ­ын тек­се­ру
Тұ­ты­ну­шы­ға  тір­ке­уді ре­сім­деу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Тір­кеу ту­ра­лы құ­жат­тар­ды тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша адам­ды тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ХТҚ ТП-ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
1 жұ­мыс кү­ні
Пайдалану нұсқалары.
2-кесте. Негізгі үдеріс – Қазақстан Республикасының азаматын тұрғылықты жерi бойынша тiркеуді ресімдеу.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
2. Тұ­ты­ну­шы­ға тiр­ке­уді ре­сім­деу.
4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­тын тiр­кеу құ­жат­та­рын тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
3. Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­ның тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ХТҚ ТП-ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу
3-кесте. Баламалы үдеріс - Қазақстан Республикасының азаматын тұрғылықты жері бойынша тiркеуді ресімдеуден бас тарту.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ХҚКО
ҚА­І­ІО
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
2. Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тiр­ке­у­ге тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру
4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­тын тiр­кеу құ­жат­та­рын тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
3. Стан­дарт­тың 11-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың бі­рін тұ­ты­ну­шы­ның ұсын­бау фак­ті­ле­рі анық­тал­ған кез­де құ­жат­тар па­ке­ті ХҚКО-ға қай­та­ры­ла­ды.

2 Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы

«Қазақстан Республикасының азаматтарын
тұрғылықты жері бойынша тіркеу»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы

4 «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызметінің регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 394 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызметінің стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді.

2 2. Осы Регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады:

тұтынушы – мемлекеттік қызметке өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тұрақты тұру үшін келген азаматтарды есепке алу;
құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

3

3. Мемлекеттік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi – Орталық) «Халықты құжаттандыру және тiркеу» тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – ХҚТ ТП) қолдана отырып, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.

5 5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нәтижесi ХТҚ ТП-ның ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу және электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке тұтынушының заңды мекенжайын қайта жазуды жүргізу не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар және өзге де субъектілер:

1 1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері – тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару және республикадан тыс жерлерге құжаттар ресімдеу;

2 2) Орталық – тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу есебiнен шығару жөніндегі құжаттарды қабылдау және беру.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚТ ТП арқылы Орталықтарда көрсетіледі. Қабылдау жұмыс күндері күн сайын, түскі үзіліссіз, Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінiң (бұдан әрі – ІІМ): www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) және облыстардың, Астана, Алматы қалалары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы стендiлерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап тұтынушыны тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдегенге дейін – 1 жұмыс күні;

2 2) құжаттарды тапсырған кезде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты – 30 минут;

3 3) дайын құжаттар алу кезінде тұтынушының рұқсат етiлген ең ұзақ күту уақыты – 30 минут.

11 11. Тіркеу есебінен шығару тегін жүргізіледі.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды оның ұсынбауы негіз болып табылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушымен Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа ұсыну;

2 2) тұтынушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру;

3 3) тұтынушыға құжаттарды қабылдау туралы тіркеу талонын беру;

4 4) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу;

5 5) тұтынушыға дайын құжаттарын беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимылдың) сипаттамасы

14 14. Құжаттарды қабылдау Орталықтың операциялық залдарында орналасқан ХТҚ ТП «жұмыс орындары» арқылы жүзеге асырылады, оларда қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына ҚФБ қатысады:

1 1) ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қалада), кенттік басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

2 2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

16 16. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты санкцияланбаған алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты санкцияланбаған өзгертуден қорғау);

3 3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды санкцияланбаған ұстап қалудан қорғау).

17 17. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының кестелік сипаттамасы олардың орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентте 1-қосымшада келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы

«Қазақстан Республикасының азаматын
тұрғылықты жерi бойынша тiркеу
есебiнен шығару» мемлекеттiк қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
1-кесте. Құрылымдық-функциялық бірліктің әрекеттерінің сипаттамасы.
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ-ның ата­уы
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау және то­лық­тығ­ын тек­се­ру
Тұ­ты­ну­шы­ны тір­кеу есе­бі­нен шы­ға­ру­ды ре­сім­деу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Тір­кеу есе­бі­нен шы­ға­ру ту­ра­лы құ­жат­тар­ды тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу есе­бі­нен шы­ға­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ХТҚ ТП-ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
1 жұ­мыс кү­ні
Пайдалану нұсқалары.
2-кесте. Негізгі үдеріс – Қазақстан Республикасының азаматын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығаруды ресімдеу.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­тын тiр­кеу есебi­нен шы­ға­ру­ды ре­сім­деу.
4. Тiр­кеу есебi­нен шы­ға­ру құ­жат­та­рын тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
3. Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­ның тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ХТҚ ТП-ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу
3-кесте. Баламалы үдеріс - Қазақстан Республикасының азаматын тұрғылықты жері бойынша тiркеу есебiнен шығаруды ресімдеуден бас тарту.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
Ор­та­лық
ҚА­І­ІО
1. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
2. Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тiр­кеу есебi­нен шы­ға­ру­ға тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру

Қолданыстағы