Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об изменении границ и образовании отдельных сельских округов

Өзге акт · № С-07 · қабылданған 24.02.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6717/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об изменении границ и образовании отдельных сельских округов Қолданыста 24.02.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об изменении границ и образовании отдельных сельских округов

Қолданыста Өзге акт № С-07 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ и образовании отдельных сельских округов
Атауы (қаз.)
Жекелеген селолық округтердің шекараларын өзгерту және оларды құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
С-07
Қабылданған күні
24.02.2000
Көрсетілген редакция
24.02.2000 6717_137016.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00B000255_
ЭКБ идентификаторы
6717
Редакция идентификаторы
6717_137016
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жекелеген селолық округтердің шекараларын өзгерту және оларды құру туралы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және мәслихаттар мен аудандар әкімдерінің бірлескен ұсынымдары негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
- облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Атбасар ауданы бойынша.

1. Шұңқыркөл селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Ново-Мариновское селосының шегінде орталығы Ново-Мариновское селосы болып Ново-Мариновский селолық округі және Шұңқыркөл, Қайрақты селоларының шегінде орталығы Шұңқыркөл селосы болып Шұңқыркөл селолық округі құрылсын.

2. Сочи селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Сочи селосының шегінде орталығы Сочи селосы болып Сочи селолық округі және Сепе селосы шегінде орталығы Сепе селосы болып Сепе селолық округі құрылсын.

3. Борисов селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Борисовка селосының шегінде орталығы Борисовка селосы болып Борисов селолық округі және Садовое, Пригородное, Смирновка селоларының шегінде орталығы Садовое селосы болып Садовый селолық округі құрылсын.

4. Ново-Александровка селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Ново-Александровка селосының шегінде орталығы Ново-Александровка селосы болып және Адыр станциясының шегінде орталығы Адыр станциясы болып Адыр селолық округі құрылсын.

5. Покровский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Покровка селосының шегінде орталығы Покровка селосы болып Покровский селолық округі және Полтавка, Титовка селоларының шегінде орталығы Полтавка селосы болып Полтавка селолық округі құрылсын.

Шортанды ауданы бойынша.

1. Андреев селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Андреевка, Октябрьское, Новоременка селоларының шегінде орталығы Андреевка селосы болып, Петровка, Белое озеро, Новокавказское селоларының, Қара адыр станциясының шегінде орталығы Петровка селосы болып Петровский селолық округі және Пригородное, Камышенка, Баскөл селоларының шегінде орталығы
Пригородный селосы болып Пригородный селолық округі құрылсын.

2. Новокубанский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Новокубанка, Алтайское селоларының шегінде орталығы Новокубанка селосы болып Новокубанский селолық округі және Раевка, Гуляй-Поле, Егемен, Новографский селоларының шегінде орталығы Раевка селосы болып Раевский селолық округі құрылсын.

3. Казциковский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Бектау, Конкрынка, Барышевка, Қаражар, селоларының шегінде орталығы Бектау селосы болып Казциковский селолық округі, Новоселовка, Ошақ, Первомайское, Новопервомайское, Қаратөбе, Зерновое селоларының шегінде орталығы Новоселовка селосы болып Новоселовский селолық округі құрылсын.