Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в борьбе с коррупцией

Қаулы · № 1077 · қабылданған 23.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67225/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в борьбе с коррупцией Күшін жойған Қаулы ·№ 1077 ·23.08.2012
30.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в борьбе с коррупцией

Күшін жойған Қаулы ·№ 1077 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в борьбе с коррупцией
Атауы (қаз.)
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1077
Қабылданған күні
23.08.2012
Көрсетілген редакция
30.12.2015 AI67225_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001077
ЭКБ идентификаторы
67225
Редакция идентификаторы
AI67225_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:31

0 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келiсiм бойынша) осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1077 қаулысымен
бекітілген
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленген және ол сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу тәртібін анықтайды.

2 2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4 4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

3 3. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2 2. Көтермелеудің шарттары, негіздері және тәртібі

4 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу:

1 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды;

2 2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

5 5. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:

1 1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

2 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3 3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді.

6 6. Адамды көтермелеу туралы материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап он күн ішінде қалыптастырады және комиссия қарауына жібереді және мынадай:

1 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның өтініші;

2 2) сыбайлас жемқорлық қылмыс фактісі бойынша адамның өтініші туралы арыздарды, ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген арыздың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтауға, жолын кесуге және ашуға жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;

3 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулының көшірмесі;

4 4) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесі;

5 5) қылмыстық іс қозғау туралы қаулының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының көшірмесі;

6 6) заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.

7 7. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактісі туралы хабарлаған немесе өзге де жолмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу мәселелері қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген қаржы полициясы органдарының уәкілетті адамдары қарайды.

8 8. Қаржы полициясы тиісті органының басшысы бес жұмыс күні ішінде тұлғаға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады.

9 9. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап он бес күн ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.

10 10. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де түрде жәрдемдесетін адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға тиісті өтініш береді.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган қаржы полициясы органының тиісті басшылығының алдында адамды грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.

3 3. Өзге де ережелер

11 11. Көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапты болады.

12 12. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне сот тәртібімен шағымдануға болады.

Қолданыстағы