Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда

Қаулы · № 204 · қабылданған 04.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67232/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 204 ·04.07.2012
27.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 204 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда
Атауы (қаз.)
Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
204
Қабылданған күні
04.07.2012
Көрсетілген редакция
27.08.2013 AI67232_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007857
ЭКБ идентификаторы
67232
Редакция идентификаторы
AI67232_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:52

0 Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 204 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі – Қор) ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.

1

1. Қор акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, оны ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатпен өтініш жасайды.

2 2. Қордың ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және Заңның 45-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қояды және Қордың мөрімен куәландырылады.

3 3. Қорды ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхат Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

4 4. Ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қордың басшы қызметкерлері мен акционерлеріне жіберіледі.

5 5. Қорды ерікті түрде таратуға рұқсат мынадай негіздер:

1 1) Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсыну;

2 2) берілген құжаттардың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес келуі;

3 3) Қордың міндеттемелері бойынша есеп айырысулар үшін қаражатының жеткіліктілігі бойынша беріледі.

6 6. Қор уәкілетті органның ерікті түрде таратуға рұқсатын алғаннан кейін бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын осы шешім күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комитетке қайтарады.

0 Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ

Жинақтаушы зейнетақы қорын
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің
төрағасына
Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы)
жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысының
______________________
(өткiзiлетiн орны)
_____ жылғы «____» _______________ № ____ шешіміне сәйкес жинақтаушы
зейнетақы қорын _____________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен
ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты
сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың Комитетке уақтылы
берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,
әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
Жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылған құжатқа сілтеме)
___________________________ _____________
(қолы) мөр

Қолданыстағы