Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Мартукского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Мартукского района
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31
- Қабылданған күні
- 09.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2013 67240_177364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CH000157
- ЭКБ идентификаторы
- 67240
- Редакция идентификаторы
- 67240_177364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:37
0 Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Халықаралық балаларды қорғау күніне, кәмелетке толмаған (18 жасқа дейінгі) балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына – 20 000 (жиырма мың) теңге;
Халықаралық қарттар күніне, базалық зейнетақыны қосқанда ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге – 10 000 (он мың) теңге.
2 2. Біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай түрде аудандық бюджет қаражаты есебінен алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.
3 3. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. А. Алматбаева) осы шешімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
4
4. Аудандық мәслихаттың «Ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткелерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 219 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-128, 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мәртөк тынысы» газетінің № 14 жарияланған), «Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-127, 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мәртөк тынысы» газетінің № 14 жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.