Об утверждении Перечня услуг, связанных с государственным образовательным заказом
Қолданыста
Бұйрық
·№ 350
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня услуг, связанных с государственным образовательным заказом
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 01.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2021 67267_526125.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007837
- ЭКБ идентификаторы
- 67267
- Редакция идентификаторы
- 67267_526125
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:40
0 Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 44-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
7 Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 1 тамыздағы
№ 350 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі
1 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау;
3 3. Білікті қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
4 4. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтерді қамтиды.
5 5. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім.
6 6. Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс.
7 7. Мемлекеттік білім беру мекемесінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету.
8. Балаларға қосымша білім беру.