Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 466 · қабылданған 10.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67300/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 466 ·10.08.2012
04.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 466 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
466
Қабылданған күні
10.08.2012
Көрсетілген редакция
04.12.2014 AI67300_4.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VH002640
ЭКБ идентификаторы
67300
Редакция идентификаторы
AI67300_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:36

0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегі № 39 Заңының 16-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).

2 2. Үйден тәрбиленетін және оқытылатын мүгедек балаларға он үш мың бес жүз теңге көлемінде әлеуметтік көмек ұсынылсын.

3 3. Келесі шарттар бекітілсін:

1 1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі;

2 2) Әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім біткенге дейін ұсынылады;

3

3) Әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар болған кезде (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек-баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы