Об определении мест выездной торговли школьными принадлежностями на территории города Уральск
Күшін жойған
Қаулы
·№ 1879
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест выездной торговли школьными принадлежностями на территории города Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1879
- Қабылданған күні
- 26.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2012 67357_158759.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZA000239
- ЭКБ идентификаторы
- 67357
- Редакция идентификаторы
- 67357_158759
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:44
0 Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындары болып Әбубәкір Кердері көшесінің бойы Жаһанша Досмұхамедов және Фрунзе көшелерінің аралығы айқындалсын.
2 2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) күн сайын көшпелі сауда орындарының қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
3 3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көшпелі сауда орындары аумағына қоқыс салатын контейнерлерді, биодәретханаларды орнатсын және күнделікті жинастыру мен қоқыстарды шығаруды ұйымдастырсын.
4 4. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" және "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды жүзеге асырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құттұмұрат-ұлына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Орал қалалық ішкі істер
басқармасының бастығы,
полиция полковнигі
_____________Айтқалиев Шадияр Қамиярұлы
24.07.2012 ж.