Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканских учебных заведений Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры

Қаулы · № 1109 · қабылданған 31.08.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67359/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканских учебных заведений Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры Қолданыста Қаулы ·№ 1109 ·31.08.2012
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканских учебных заведений Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры

Қолданыста Қаулы ·№ 1109 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканских учебных заведений Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1109
Қабылданған күні
31.08.2012
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI67359_6.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001109
ЭКБ идентификаторы
67359
Редакция идентификаторы
AI67359_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:26

0 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы

Спорт саласы үшін мамандар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру және спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1

1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);

2

2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);

3

3) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);

4

4) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.

2

2. Мекемелер қызметінің негізгі мәні негізгі орта білім берудің, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командалары үшін спорт резервін даярлау, спорт және дене шынықтыру саласында мамандар даярлау болып айқындалсын.

3 3. Мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1109 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

3 3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
17-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
17.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі агент­ті­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
931
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі агент­ті­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
832
Қа­жы­мұ­қан Мұ­ңайт­па­сов атын­да­ғы олим­пи­а­да ре­зер­ві­нің рес­пуб­ли­ка­лық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мек­теп-ин­тер­нат- кол­ле­джі
191
Кәр­кен Ах­ме­тов атын­да­ғы олим­пи­а­да ре­зер­ві­нің рес­пуб­ли­ка­лық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мек­теп-ин­тер­нат-кол­ле­джі
253
Рид­дер қа­ла­сын­да­ғы олим­пи­а­да ре­зер­ві­нің рес­пуб­ли­ка­лық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мек­теп-ин­тер­нат-кол­ле­джі
112
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның «Ша­ңы­рақ» ша­ғын ауда­нын­да­ғы олим­пи­а­да ре­зер­ві­нің рес­пуб­ли­ка­лық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мек­теп-ин­тер­нат-кол­ле­джі
276
».

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

Қолданыстағы