Об утверждении Положения о примерном порядке оплаты труда безработных граждан, занятых общественными работами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о примерном порядке оплаты труда безработных граждан, занятых общественными работами
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ережені бекіту жөнінде
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 29.06.2000
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2000 6740_265388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00S0006740
- ЭКБ идентификаторы
- 6740
- Редакция идентификаторы
- 6740_265388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:24
0 Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ережені бекіту жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 19.07.2001 № 38 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінін №1242 4 желтоксан 1998 жылғы қаулысына, сондай-ақ қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматардың еңбек ақыларын төлеуге біріңғай тәртібін әзірлеу максатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қоғамдык жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарга төленетін еңбекақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ереже бекітілсін (қоса беріледі).
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне (Балтабаева Ғ.Қ.) оны жүзеге асыру жөнінде және ұйымдастыру әдістемелік жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілсін.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
- жоғарыда көрсетілген Ереженің орындалуына жағдай жасалсын;
- әр түрлі халық тобын жұмыспен қамсыздандыру мақсатында ұымдастыруды ынталы пайдалану, жыл сайын қоғамдық ұйымдастыруға бағытталған ауданның (қаланың) еңбек рыногіндегі сұранысты ескере отырып;
- ауданда (қалада) еңбекақы төленетін қоғамдық жұмыстар туралы ен ұйымдарды газет, теледидар арқылы кең хабарлауды қамтамасыз ету;
- аймақтық, мақсатты бағдарламаны дайындағанда кабылданатын халықтың тартымды тобына қарай қоғамдық жұмыстың дамуын, оны ұйымдастыру нысандарының болжамын еске алып, оның дер уақытында қаржыландырудың бақылауды жүзеге асырсын.
4. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыз азаматтарға төленетін еңбекақы үлгісі туралы Ереже облыстық «Солтүстік Қазақстан» мен «Северный Казахстан» газеттерінде жариялансын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін.
6 Облыс әкімінің
№ 131
шешімімен бекітілген
"30"маусым 2000 ж.
Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеудің үлгілік тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы "Қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» №1242 қаулысына сәйкес жасалған.
2. Тәртіп кәсіпорындармен және жұмыссыздармен негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін көздейді.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар деп әдетте бәріне қолайлы, арнаулы кәсіптік даярлықты талап етпейтін жұмыссыз халықты орындайтын уақытша еңбек қызметін атайды.
4. Халықты қоғамдық жұмыстармен қамту мен қамтамасыз ету жүйесіне мынандай міндеттер шешу жүктелген:
- әртүрлі себептер бойынша жұмыстан және еңбек табысынан жалақысынан айырылған азаматтарға уақытша жұмыс беру;
- алғаш рет жұмыс іздеген адамдарды, зейнеткерлік жас алдындағы азаматтарды, әртүрлі себептер бойынша ұзақ уақыт жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлығынан айырылған азаматтардың басқа санаттарын жұмыспен қамту;
- еңбекке қабілетті жасқа жеткен, бірақ еңбек рыногы талап ететін кәсіптік даярлығы жоқ жастарды еңбек қызметіне тарту.
5. Ақылы жұмыстардың түрлері:
1) қалалардың, елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағын тазартқанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар ұйымдарына көмектесу;
2) жолдардың құрылысы мен жөндеуі, су, газ, канализация құбырларын және басқа коммуникацияларды салу, сондай-ақ осы жұмыстар үшін қажетті қосалқы материалдарды (құрылыс тасын, қиыршық тасты, плиталарды, құмды және т.б.) дайындау;
3) суландыру жұмыстарын жүргізу;
4) тұрғын үйлердің, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысына, қалпына келтіруге және күрделі жөндеуіне қатысу;
5) тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешендерін және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру;
6) аймақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және көркейту, орман паркі шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау және дамыту);
7) мәдени мақсаттағы ауқымды шараларды (спорт жарыстары, фестивальдер, балалар спорт алаңдарының құрылысы және т.б.) ұйымдастыруға көмектесу;
8) республикалық және аймақтытық науқандарды (қоғамдык пікірді сауалдамалау, халық санағы) өткізуге қатысу;
9) науқандық қысқа мерзімді алаңшалар мен мал төлдерін өсіру жөніндегі, малды бордақылау жөніндегі жазғы лагерьлер, малды жаю және күзету, мал шаруашылығына жемазық дайындау және қамтамасыз ету, косалқы шаруашылықтары бар коммуналдық меншік ұйымдарында суда жүзетін құстарды өсіру жөніндегі пунктер;
10) жол жиектеріндегі шөптерді шабу (жол қоры);
11) облыстық қаржы департаментімен келісім бойынша жұмыстың басқа түрлері.
Басқарудың жергілікті органдарының қажеттілігіне байланысты коғамдық жұмыстардың түрлері кеңейтілуі және толықтырылуы мүмкін.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібі.
6. Осы ереженің негізінде жергілікті жерлердегі қоғамдық жұмыстарды, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар ұиымдастырады.
7. Коммуналдық меншік кәсіпорындары мен мекемелерінде қоғамдық жұмыстар Қазақстан Республикасының енбек заңдылықтарына сәйкес келісім негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер болмаған жағдайда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру селолык әкімдердің әкімдеріне жүктеледі.
Басқа ұйымдарда қоғамдық жұмыстар қаржыландыру болған жағдайда келісімге сәйкес жұмыс берушілердің қаржысы есебінен ұйымдастырылуы мүмкін.
8. Жұмыссыз халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар мынандай шараларды жүзеге асырады:
- атқарушы органдармен келісім бойынша нақты кәсіпорындар, сол сияқты қоғамдық жұмыстардың қажетті түрлері анықталады, оның негізінде жыл сайынғы шаралар жасалады;
- жасалған шараларға сәйкес, қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың қажетті көлемі мен сомасы анықталады;
- жұмыссыздарды олардың ерікті келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді;
- қоғамдық жұмыстарға жібергенде жұмыссыздарды еңбекті ұйымдастыру, тәртібі және ақы төлеу жағдайы жөнінде хабардар етеді;
- қоғамдық жұмыстарды өткізу жөнінде үш жақты келісім-шарт жасайды, оған мыналар қатысады:
жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті орган;
жұмыссыз;
жекеленген коммуналды кәсіпорын, неболмаса селолық округтың әкімі.
- жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жиілігіне шек қойылмайды. Жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға олардың тілектеріне сәйкес және еңбек заңдылықтарына сәйкес осы жұмыстарды ұйымдастыратын, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдардың мүмкіндігіне орай жіберілуі мүмкін, олардың ұзақтығы жұмыс берушінің келісімімен реттеледі.
9. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын адамдар жұмыссыз деп есептелмейді және оған қатысу уақытында есептен шығарылады, жұмыстар біткен соң олар жұмыс іздеу мәселелері жөніндегі жұмыспен қамтудың өкілетті органдарына қайтадан тіркелуі мүмкін.
10. Азаматқа тұрақты (қолайлы) жұмыс табылған жағдайда коғамдық жұмыстарды атқаруға жеке еңбек келісім-шарты жеке еңбек келісім-шартын бұзу туралы қызметкердің өтініш берген күнінен бастап бұзылады. Кәсіпорын әкімшілігі үш күн мерзім ішінде бұл туралы келісім-шартты бұзудың негіздемесін көрсетумен жұмысты қамту жөніндегі өкілетті органды хабардар етуге міндетті.
11. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты мәселелері, жұмыс күні мен жұмыс аптасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыс уақытына қысқарту енгізу еңбек туралы зандылықтарға сәйкес жеке еңбек келісім-шартты жасағанда шешіледі.
3. Қоғамдық жұмыстарға еңбекақы төлеу.
12. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек келісім-шартына сәйкес орындалған жұмыс көлемі үшін үш ай сайын жүргізіледі. Жұмыс беруші жұмыс уақытын, қызметкердің нақты атқарған және орындалған жұмыс көлемін есептеуді жүзеге асыруға тиіс.
13. Жұмыссыздарға орындалған жұмыс көлемі үшін ай сайын төленетін ақшаның мөлшері жеке еңбек келісім-шартына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар мен қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымның әкімшілігі белгілейді және келісім-шартта жазылады.
14. Бюджеттік қаржыны аудару ұйымдардың, кәсіпорыңдардың есеп айырысу шотына, ал ондай болмаган жағдайда Халықтық банктегі жұмыссыздың жеке шотына жүргізіледі.
15. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтардың жалақысынан заңдық тәртіппен міндетті зейнетақылық жарналар ұсталады. Тйісті ұсталымдардан кейін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеудің айлық мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен тиісті жылға белгіленген ең төменгі жалақынан кем болмауы тиіс.
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көздері мен тәртібі.
16. Қоғамдық жұмыстарды қаржылаңдыру тиісті қаржы жылына бекітілген аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті бюджеттерінің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
17. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажет қаржылық ресурстар экономикалық және әлеуметтік дамыудың жасалған шаралары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың аумақтық бағдарламасы негізінде көзделеді.
18. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуге жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу жұмыстарды ұйымдастыруға жасалған шараларға, басқа да шығындарға сәйкес жүргізіледі, кепілдіктер мен өтемақыларды өткізу және беру еңбек заңдылықтарына сәйкес олар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы есебінен жүргізіледі.
19. Ақы төленетін коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жекеленген коммуналды кәсіпорындар (ондай болмаған жағдайда селолық оругтердің әкімдері) әр айдың 5-і күніне дейін жергілікті өкілетті органдарға белгіленген заңдық тәртіпте жұмыс уақытын есептеу табельдерін және атқарылған жұмыстардың актілерін тапсырады.
20. Аудандық (калалық) өкілетті органдар ақы төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың (селолық округтердің әкімдерінің) есептерін тексереді, қаржыландыруға қажетті ақшаның көлемін анықтайды және әр айдың 10-ы күніне дейін қаржы органдарына қаржыландыруға тапсырыс жібереді. Желтоқсан айына қаржыландыруға өтінішті қаржы органдарына үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанынан кеш қылмай ұсыну керек.
21. Қаржы органдары жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар тапсырыстар негізінде тиісті жылға жергілікті бюджеттердің шығындары сметасына сәйкес 258 30 31 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ашады.
22. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) өкілетті органдар ағымдағы шотқа қаржы түскен соң екі күн ішінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кәсіпорындардың шоттарына немесе жұмыссыздардың жеке шоттарына қаржы аударады.
5. Қоғамдық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасау.
23. Аудандық (қалалық) өкілетті органдар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне белгіленген үлгі бойынша ай сайын есептер тапсырады.
24. Қоғамдык жұмыстарды орындау кезінде кәсіпорыңдар мен азаматтардың белгілі мерзімге жасалған жеке еңбек келісім-шарттарын, сондай-ақ қолданылып жүрген еңбек заңдылықтары мен Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын сақтауға бақылау жасауды жергілікті жерлерде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар заңдарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Атқарылған жұмыстар көлеміне жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуді есептеудің және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бөлінген қаржының мақсатты пайдалануының дұрыстығына бақылау жасауды аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау бөлімдері, олардың жоғары тұрған органдары және қаржы басқармалары жүзеге асырады.