Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений

Қаулы · № 1117 · қабылданған 31.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67406/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений Күшін жойған Қаулы ·№ 1117 ·31.08.2012
21.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений

Күшін жойған Қаулы ·№ 1117 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений
Атауы (қаз.)
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1117
Қабылданған күні
31.08.2012
Көрсетілген редакция
21.08.2015 AI67406_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001117
ЭКБ идентификаторы
67406
Редакция идентификаторы
AI67406_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:26

0 Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.

2 Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1117 қаулысымен
бекітілген
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді.
2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиiмдiлiгi сыныбы (бұдан әрі – энергия тиімділігі сыныбы) – үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтынудағы үнемдiлiгiнiң пайдалану сатысындағы энергия тиiмдiлiгiн сипаттаушы деңгейi;

2 2) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;

3 3) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

4 4) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;

5

5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы – энергетикалық ресурстарды пайдаланумен және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды қайта жаңартуды, күрделі жөндеуді жүргізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын оңтайландыруымен байланысты сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін сараптама.

3

3. Энергия тиімділігі сыныбы күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде айқындалады.

4

4. Энергия тиімділігі сыныбы жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады.

5 5. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы тапсырыс берушінің бастамасымен жүргізілген энергия  аудитінің қорытындысы бойынша айқындалады.

2 2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптырын айқындау және қайта қарау тәртібі

6 6. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін энергия аудитiн жүргізетін, қызметтің осы бойынша аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғаға жүгінеді.

Энергия аудиті нәтижелері бойынша энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпараты бар қорытынды беріледі.

7 7. Үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген кезде энергия тиімділігі сыныбын айқындау үшін:

1 1) тапсырыс беруші жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмасында қажетті энергия тиімділігі сыныбын көрсетеді;

2 2) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама тапсырмада көрсетілген энергия тиімділігі сыныбын ескере отырып, әзірленеді;

3

3) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген энергия тиімділігі сыныбының сәйкестігін анықтау үшін тапсырыс беруші энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын өткізу үшін қызметтің осы түрі бойынша аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғаға жүгінеді;

4 4) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы сараптамасының нәтижелері бойынша энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпараты бар қорытынды беріледі.

8 8. Энергия тиімділігі сыныбы әрбір бес жылда бір реттен сиретпей энергия аудитін жүргізу жолымен қайта қаралады.

9 9. Энергия тиімділігі сыныбы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы мемлекеттік нормативтер, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес айқындалады.

10 10. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың техникалық паспортында көрсетіледі.

11 Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы

11. Энергия тиімділігі сыныбын беруді және оны техникалық паспортта көрсетуді қолданыстағы үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін энергия аудитіне тапсырыс берушісі (энергия аудиті субъектісінің иесі) немесе қолданысқа берілген үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың техникалық паспортын ресімдеуге жауапты тұлға энергия аудиті немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасының қорытындысы негізінде іске асырады.
Үйлердің, құрылыстардың,
ғимараттардың энергия
тиімділігі сыныбын айқындау
және қайта қарау қағидаларына
қосымша
Кесте
Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы
Р/с №
Сы­нып­ты бел­гі­леу
Энер­гия ти­ім­ді­лі­гі сы­ны­бы­ның ата­уы
Ғи­ма­рат­тың жы­лы­ту­ға және жел­де­ту­ге энер­гия ти­ім­ді­лі­гі көр­сет­кі­ші­нің есеп­тік (нақ­ты) мәні­нің нор­ма­тив­ті мәні­нен ауыт­қу ша­ма­сы, %
1
2
3
4
Жа­ңа және қай­та жа­ңар­ты­ла­тын ғи­ма­рат­тар­ды жо­ба­лау және пай­да­ла­ну ке­зін­де
1
А++
А+
А
Өте жо­ға­ры
-60 тө­мен
-50-ден -60 дей­ін
-40-тан -50 дей­ін
2
B+
B
Жо­ға­ры
-30-дан -40 дей­ін
-15-тен -30 дей­ін
3
C+
C
C-
Қа­лып­ты
- 5-тен – 15 дей­ін
+ 5-тен – 5 дей­ін
+ 15-тен + 5 дей­ін
Бар ғи­ма­рат­тар­ды пай­да­ла­ну ке­зін­де
4
D
Тө­мен­де­ті­л­ген
+ 15,1-ден + 50 дей­ін
5
E
Тө­мен
+50 жо­ға­ры

Қолданыстағы