Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации сотрудникам специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей специальных (военных) учебных заведений) на содержание жилища и оплату коммунальных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации сотрудникам специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей специальных (военных) учебных заведений) на содержание жилища и оплату коммунальных услуг
- Атауы (қаз.)
- Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1122
- Қабылданған күні
- 31.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2022 67409_588301.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001122
- ЭКБ идентификаторы
- 67409
- Редакция идентификаторы
- 67409_588301
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:27
0 Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3 Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1122 қаулысымен
бекiтiлген
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу үшін ақшалай өтемақы (бұдан әрi – ақшалай өтемақы) төлеу тәртiбiн анықтайды.
2. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы төлеу қызметке алынған күннен бастап төленіп, қызметтен босатылуына байланысты арнаулы мемлекеттік органның жеке құрам тізімінен алынған күнінен бастап тоқтатылады.
3. Ақшалай өтемақының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес анықталады.
4. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастары мен бiрге тұруына қарамастан (яғни күйеуiне, әйелiне, балаларына, егер олар арнаулы мемлекеттік органның қызметкері болып табылса) жүргiзiледi.
Ақшалай өтемақы арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне ағымдағы ай үшiн ақшалай үлес төлеумен бiр мезгiлде төленедi.