Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок фиксированного налога

Өзге акт · № 7/63 · қабылданған 03.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67431/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении ставок фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/63 ·03.08.2012
30.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/63 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/63
Қабылданған күні
03.08.2012
Көрсетілген редакция
30.03.2018 67431_357370.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KD001922
ЭКБ идентификаторы
67431
Редакция идентификаторы
67431_357370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:39

0 Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Тіркелген салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 26/203 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-4-164 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7-8 "Балқаш өңірі", 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешімі.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Муслымов А.К.) жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі
Аубакиров Н.Е.
3 тамыз 2012 жыл
Балқаш қаласы бойынша
салық басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
Жансарбаев Е.А.
3 тамыз 2012 жыл

5 Қалалық мәслихаттың

2012 жылғы 03 тамыздағы
№7/63 шешіміне қосымша
Тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы
Ай үшін ставка
(айлық есептік көрсеткіште)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
36
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
16

Қолданыстағы