Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 56 · қабылданған 17.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67439/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 56 ·17.08.2012
24.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 56 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
56
Қабылданған күні
17.08.2012
Көрсетілген редакция
24.12.2013 67439_177768.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CJ000174
ЭКБ идентификаторы
67439
Редакция идентификаторы
67439_177768
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:34

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына – Халықаралық балалар күніне бір жолғы 20 мың теңге мөлшерінде;

2 2) ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан да төмен мөлшерде зейнетақы алушыларға – Халықаралық қарттар күніне бір жолғы 10 мың теңге мөлшерінде;

3 3) төмендегі I, II, III топтағы мүгедектердің санаттарына:

жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге;
мүгедектікке әскери қызметтен өту кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан душар болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан шыққан мүгедектерге, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға;
әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектерге – 3 мың теңге;
әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектерге;
себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және /немесе/ олардың зардаптарынан болған мүгедектерге.

2 2. Аудандық мәслихаттың мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

«Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 116 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-104 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 маусымдағы № 23 «Темір» газетінде жарияланған);
«Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 116 «Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 221 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 ақпандағы № 8-9 «Темір» газетінде жарияланған).

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы