Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по осуществлению государственного контроля и надзора в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения должностными лицами государственной лесной инспекции Республики Казахстан

Қаулы · № 1145 · қабылданған 05.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67446/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил по осуществлению государственного контроля и надзора в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения должностными лицами государственной лесной инспекции Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1145 ·05.09.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по осуществлению государственного контроля и надзора в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения должностными лицами государственной лесной инспекции Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1145 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по осуществлению государственного контроля и надзора в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения должностными лицами государственной лесной инспекции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1145
Қабылданған күні
05.09.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI67446_4.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001145
ЭКБ идентификаторы
67446
Редакция идентификаторы
AI67446_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:25

0 Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидалар

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1145 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидалар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2

2. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды, орман өсіруді және (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарын сақтауы мақсатында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство) мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

2 2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

3 3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау:

1 1) орман өрттері, ағаштың заңсыз кесілуі, орман питомниктерінде орман дақылдарының, қалемшелер мен көшеттердің қурап қалу фактілері бойынша;

2 2) Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзу және өсімдіктер дүниесіне нұқсан келтіру фактілері бойынша;

3 3) Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзу фактілері туралы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша, олардың келіп түсуіне қарай;

4

4) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы теріс зардаптарды растайтын орман орналастыру жұмыстарының, орман шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердің, орман қорын есепке алу мен ормандар мониторингінің нәтижелері бойынша, олардың байқалуына қарай, оларды жою жөніндегі ұсыныстарды ескере отырып;

5 5) жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы берілген ұсынымдардың ұсынымда көрсетілген мерзімде орындалуын бақылау мақсатында тексерулер мен байқаулар жолымен жүзеге асырылады.

4

4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамының (бұдан әрі – лауазымды адам) Қазақстан Республикасы орман заңнамасы талаптарының сақталуын тексеруі ведомствоның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы шығаратын тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүзеге асырылады.

5 5. Лауазымды адамның байқауы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тәртіп бұзушылықтарды анықтау және тыю жөніндегі қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

6

6. Лауазымды адам қорғау іс-шаралары барысында орман заңнамасының бұзылуын байқаса, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында жеке және заңды тұлғалар жүргізіп жатқан жұмыстар мен іс-шараларды тексеруді, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

7 7. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша лауазымды адам тексеріліп отырған субъектінің немесе оның заңды өкілінің қатысуымен:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуын тексеру актісін жасайды, онда:

тексеріліп отырған субъект туралы негізгі деректер;
тексеріліп отырған субъектінің қызметін көрсететін объективті мәліметтер;
орман ресурстарын пайдалану үшін негіздер мен рұқсаттардың болуы; бөлінген кеспеағаш қорының көлемі;
биоресурстарды пайдалану лимиттері және басқа да қажетті мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік-құқықтық актілерінің тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, анықталған тәртіп бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы, тексеріліп отырған субъектіде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, танысу және анықталған тәртіп бұзушылықтарды (олар анықталған жағдайда) жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін тексеріліп отырған субъектіге немесе оның заңды өкіліне тапсырылады;

2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы орман заңнамасы саласында анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым жасайды, ол ұйғарымда белгіленген мерзімде орындау үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы орман заңнамасының анықталған тәртіп бұзушылықтарын жою жөніндегі ұйғарымның бір данасы танысу және анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін тексеріліп отырған субъектіге немесе оның заңды өкіліне тапсырылады (орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері немесе табиғат қорғау мекемесі тексерілген жағдайда ұйғарымның бір данасы бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған органның басшысына жіберіледі).
Анықталған тәртіп бұзушылықтар ұйғарымда көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда тексеріліп отырған субъектіге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес шаралар қолданылады.

8

8. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бөлімшелерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған жағдайда лауазымды адам тексеру өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасы орман заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыным енгізеді.

9

9. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталған (байқалған) жағдайда лауазымды адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ресімдейді.

10 10. Бұдан әрі сот органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі байқалған, бірақ әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жататын тұлға анықталмаған жағдайда лауазымды адам тәртіп бұзушылық фактісі бойынша қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырады.

11

11. Лауазымды адам қолданыстағы базалық ставкаларға сәйкес залалдың мөлшерін есептеу үшін белгіленетін, айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал келтірген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу фактісі байқалған жағдайда құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дереу ішкі істер органдарына береді.

12

12. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне хаттама толтырылғаннан кейін дереу қол қойғызылып хаттаманың көшірмесі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің уәкілетті органда немесе лауазымды адамда қаралу орны мен уақыты туралы Хабарлама тапсырылады, ал олар болмаған жағдайларда хаттама мен Хабарлама оларға хаттама толтырылған күнінен бастап үш күндік мерзімде жіберіледі.

13

13. Жеке немесе заңды тұлғада болған олжалау заттарын – өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын, құжаттарды және құқық бұзушылықтар құралы мен объектілері болып табылатын заттарды екі айғақ адамның қатысуымен лауазымды адам алып қояды. Бұл ретте осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жеке немесе заңды тұлғада болған заттар мен құжаттарды алып қою хаттамасы толтырылады.
Табиғатты заңсыз пайдалану заты болып табылатын өсімдіктер түрлері және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары туралы мәліметтер түрлері, саны және салмағы бойынша көрсетіледі.
Заңсыз олжаланған өнімде сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген өсімдіктер түрлері болған жағдайларда түрі мен саны (көлемі) көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.
Алу хаттамасына оны толтырушы, тиісті құжаттар мен олжалау заттары алынған адам, айғақ адамдар қол қояды. Жеке немесе заңды тұлға жеке тұлғада болған заттар мен құжаттарды алып қою хаттамасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда оған бұл жайында жазба жасалады.
Алынып қойылған олжалау заттары мен құжаттарды лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар қаралғанға дейін арнайы үй-жайларда (қоймаларда, сейфтерде) сақтайды.
Алынып қойылған немесе тыйым салынған сүректі лауазымды адам қабылдау-беру актісін жасап, уақытша сақтауға жақын маңдағы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне немесе табиғат қорғау мекемесіне береді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес алынып қойылған құжаттар, заттар және сүрек олардың иесіне қайтарылады немесе тәркіленеді, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.

14

14. Бақылау мен қадағалаудың түріне байланысты алдын алу-ескерту сипатындағы олардың өзге нысандары жүзеге асырылған кезде тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ тексеріліп отырған субъектіге оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріліп, қорытынды құжаттар (анықтама, ұйғарым, қорытынды және басқалар) жасалуы мүмкін.

15 15. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері шешімдерге шағымданудың және оларды орындаудың қолданыстағы мерзімдерін ескере отырып, анықталған Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу фактілері бойынша материалдардың әртүрлі инстанцияларда орындалуына және өтуіне мониторинг жүргізеді.

16

16. Тәртіп бұзушылықтарды есепке алу, тәртіп бұзудың саны, түрлері және орындары бойынша олардың үрдісін талдау мақсатында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтарды, алынып қойылған табиғатты заңсыз пайдалану құрал-саймандары мен заңсыз олжаланған өнімді тіркеу журналы жүргізіледі.

17 Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуын тексеру актісі № _________

17. Осы Қағидаларда атап өтілген тексеру актісінің, ұйғарымның және басқа да құжаттаманың бланкілері (бұдан әрі – бланкілер) қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Лауазымды адамға берілгенге дейін олар қатаң есептілік бланкілерін есепке алу журналына енгізілетін тіркеу нөмірімен нөмірленеді.
Ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері бойынша бұйрықтармен бланкілерді сақтау, есепке алу және беру үшін жауапты адам тағайындалады. Бланкілердің болуы мен қозғалысы есептіліктерде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
орман инспекциясы лауазымды
адамдарының орман қорын күзету,
қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру
саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүзеге асыруы
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының
немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксы)
Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуын тексеру актісі № _________
____________________________________________________________________
(объектінің орналасқан жері)
20__ жылғы «___»_______.
Мен, мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамы:
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(бұйрықтың немесе басқа нормативтік құжаттың негізінде)
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің талаптарына сәйкес ____
_____________________________________________________________________
(тексерілетін субъектінің атауы,
_____________________________________________________________________
пошталық мекенжайы, (тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тексерілетін субъектінің не басшының тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
орналасқан жері _______________________________________________
телефоны: _______________________ факсы: ____________________________
Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуына тексеру жүргіздім.
Тексеру _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
қатысуымен өткізілді, оған __________________________________________
_____________________________________________________________________
(тексерілетін субъекті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________ қатысты.
Тексеру кезінде мыналар анықталды: ____________________________

қолдары: ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________ данада ____________парақта жасалды.
бірінші дана __________________________________________________
екінші дана ___________________________________________________
үшінші дана ___________________________________________________
Актімен таныстым және бір данасын алдым 20__ жылғы «___»_____.
Тексерілетін субъектінің өкілі не басшысы: ____________________
_____________________________________________________________________
(қолы,тегі, аты, әкесінің аты)
Тіркеу нөмірі _________________________________________________
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
орман инспекциясы лауазымды
адамдарының орман қорын күзету,
қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру
саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүзеге асыруы
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе
оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксы)
20__ жылғы «___»______.
Тексеріліп отырған субъектіге:
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы орман заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша ұйғарым № ___________
20__ жылғы «___»_____ №___ Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуын тексеру актісі негізінде мынадай іс-шараларды орындауға ҰЙҒАРЫМ ЖАСАЙМЫН:
Р/с №
Ұй­ға­рым­ның маз­мұ­ны
Орын­дау мер­зі­мі
Осы ұйғарым міндетті түрде орындалуға жатады.
Тексерілетін субъект Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшесінің атына (керегі сызылсын) осы ұйғарымның орындалуы туралы күнтізбелік 7 күн ішінде ақпарат жіберсін. Ұйғарымның орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы үшін кінәлі тұлға 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 356-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Уәкілетті лауазымды адам ____________________________________
___________________________________________________________________
20__ жылғы «__» _______.
Ұйғарымды алдым: ____________________________________________
(тексерілетін субъект өкілінің не басшысының қолы, тегі, аты,
әкесінің аты)
20__ жылғы «__» _______.
Тіркеу нөмірі ____________
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
орман инспекциясы лауазымды
адамдарының орман қорын күзету,
қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру
саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүзеге асыруы
жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
№ ____ ХА­БАР­ЛА­МА
_______________________________
_______________________________ тұ­ра­тын
Аза­мат(ша) ___________________
Сіз 20__ жы­л­ғы «__» _______.
cа­ғат ________
_______________________________
ме­кен­жай­ы­на
_______________________________
_______________________________
ка­би­нет­ке
_______________________________
ла­у­а­зым­ды адам­ға ______________
_____________________________,
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Сіз­ге қа­ты­сты қоз­ғал­ған әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­ті қа­рау мә­се­ле­сі бой­ын­ша ке­лу­і­ңіз ке­рек. Өзі­ңіз­бен бір­ге же­ке ба­сы­ңы­зды ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат бол­сын.
Ке­лу­і­ңіз қа­таң түр­де мін­дет­ті.
20__ жы­л­ғы «__» _______.
_______________________________
(ла­у­а­зым­ды адам­ның қо­лы)
ҚОЛ­ХАТ
Ха­бар­ла­ма­ны ал­ға­ны ту­ра­лы №____
20__ жы­л­ғы «__» _______­са­ғат ______________
Ал­дым: _________________________
(қо­лы)
_________________________________
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
20__ жы­л­ғы «__» _______.
Тіркеу нөмірі _________________
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
орман инспекциясы лауазымды
адамдарының орман қорын күзету,
қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру
саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүзеге асыруы
жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе
оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксы)
Жеке немесе заңды тұлғада болған құқық бұзушылық құралы немесе объектілері болып табылатын заттар мен құжаттарды алып қою хаттамасы
20___ жылғы «__»_________
____________________________________________________________________
(хаттаманың толтырылған күні, орыны)

1 1. Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2 2. Айғақ адамдар (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат)

2.1 ___________________________________________________________
2.2 ___________________________________________________________
____________________________________________________________________

3 3. Құқық бұзушылық құралы немесе объектісі болып табылатын тиісті құжаттар, заттар алынып қойылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

4 4. Құқық бұзушылық құралы немесе объектісі болып табылатын алынып қойылған құжаттардың түрі мен деректемелері, заттардың түрі, саны, өзге де сәйкестендіру белгілері туралы мәліметтер _____________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

5 5. Алынып қойылған заттар мен құжаттарды сақтау орны

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

6 6. Қолдары, тегі, аты-жөні:

6.1 Хаттаманы толтырған лауазымды адам ________________________
_____________________________________________________________________
6.2 Айғақ адам_________________________________________________
_____________________________________________________________________
6.3 Айғақ адам _______________________________________________
_____________________________________________________________________
6.4 Алып қою жүргізілген адамдар ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

7 7. Хаттама көшірмесін алдым____________________________________

_____________________________________________________________________
(өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам немесе оның заңды
өкілі, қолы, тегі, аты және әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

8 8. Алынып қойылған құжаттар мен заттарды тапсырдым ____________

_____________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты және әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

9 Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтарды, алынып қойылған табиғатты заңсыз пайдалану құралдарын және заңсыз олжаланған орман ресурстарын тіркеу журналы

9. Алынып қойылған құжаттар мен заттарды сақтауға қабылдадым
_____________________________________________________________________
(қолы, лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты, қабылдау актісінің
күні, нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тіркеу нөмірі ____________________________
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
орман инспекциясы лауазымды
адамдарының орман қорын күзету,
қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру
саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүзеге асыруы
жөніндегі қағидаларға
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтарды, алынып қойылған табиғатты заңсыз пайдалану құралдарын және заңсыз олжаланған орман ресурстарын тіркеу журналы
Р/с №
Хат­та­ма тол­тыр­ған күн, хат­та­ма­ны тол­тыр­ған адам­ның те­гі және аты-жө­ні
Тәр­тіп бұ­зу­шы­лық­ты анық­та­у­ға және ты­ю­ға қа­тыс­қан адам­дар­дың те­гі мен аты-жө­ні
Тәр­тіп бұ­зу­шы­ның те­гі мен аты-жө­ні (ла­у­а­зым­ды адам­дар үшін – ла­у­а­зы­мы және ұй­ым­ның ата­уы)
Тәр­тіп бұ­зу­шы­лық жа­сал­ған және бай­қал­ған орын (субъ­ек­ті­нің ата­уы, орам­ның № )
Тәр­тіп бұ­зу­дың маз­мұ­ны
Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы қа­улы­ның нө­мі­рі мен кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
Ай­ып-пұл со­ма­сы, тең­ге
За­лал со­ма­сы, тең­ге
Заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­ры­ның құ­ны, тең­ге
Та­би­ғат­ты заң­сыз пай­да­ла­ну құ­рал­да­ры және заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­ры алын­ды
Сақ­та­у­ға қай­да тап­сы­рыл­ды (қа­был­дау ак­ті­сі­нің са­ны және кү­ні)
Та­би­ғат­ты заң­сыз пай­да­ла­ну құ­рал­да­ры және заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­ры тәр­кі­лен­ді
құ­рал­дар­дың түр­ле­рі және ор­ман ре­сур­ста­ры­ның ата­уы
са­ны және олар­дың құ­ны
құ­рал­дар­дың түр­ле­рі және ор­ман ре­сур­ста­ры­ның ата­уы
са­ны және олар­дың құ­ны
8
9
10
11
12
13
14
15
Та­би­ғат­ты заң­сыз пай­да­ла­ну құ­рал­да­ры және заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­ры қай­та­рыл­ды
Та­би­ғат­ты заң­сыз пай­да­ла­ну құ­рал­да­ры және заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­ры өт­кізу­ге бе­ріл­ді
Та­би­ғат­ты заң­сыз пай­да­ла­ну құ­рал­да­ры мен заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­рын өт­кі­зу­ден бюд­жет­ке түс­кен ақ­ша, мың тең­ге
Та­би­ғат­ты заң­сыз пай­да­ла­ну құ­рал­да­ры және заң­сыз ол­жа­лан­ған ор­ман ре­сур­ста­ры қал­ды
құ­рал­дар­дың түр­ле­рі және ор­ман ре­сур­ста­ры-ның ата­уы
са­ны және олар­дың құ­ны
құ­рал­дар­дың түр­ле­рі және ор­ман ре­сур­ста­ры­ның ата­уы
са­ны және олар­дың құ­ны
құ­рал­дар­дың түр­ле­рі және ор­ман ре­сур­ста­ры­ның ата­уы
са­ны және олар­дың құ­ны
16
17
18
19
20
21
22

Қолданыстағы