Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому в Казалинском районе

Қаулы · № 250 · қабылданған 02.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67451/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому в Казалинском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 250 ·02.08.2012
02.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому в Казалинском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 250 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому в Казалинском районе
Атауы (қаз.)
Қазалы ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
250
Қабылданған күні
02.08.2012
Көрсетілген редакция
02.08.2013 AI67451_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LD004310
ЭКБ идентификаторы
67451
Редакция идентификаторы
AI67451_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:40

0 Қазалы ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11, 29-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр балаға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз етілсін.

2 2. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.

3 3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 16 қаңтарда 10-4-76 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 15 жарияланған);

2

2) "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 76 қаулысы(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 1 сәуірде 10-4-116 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 28 жарияланған).

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы