Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Оркен Оркенского сельского округа Аягозского района
Күшін жойған
Қаулы
·№ 489
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Оркен Оркенского сельского округа Аягозского района
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданының Өркен ауылдық округінің Өркен ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 489
- Қабылданған күні
- 29.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2012 AI67459_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VF002644
- ЭКБ идентификаторы
- 67459
- Редакция идентификаторы
- AI67459_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:28
0 Аягөз ауданының Өркен ауылдық округінің Өркен ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық аумақтық инспекция бастығының 2012 жылғы 20 тамыздағы № 401 ұсынысының негізінде, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аягөз ауданының Өркен ауылдық округінің Өркен ауылында ұсақ мүйізді малдары арасында пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Б. Мусафирбеков), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аягөз аудандық
аумақтық инспекция бастығы Б. Мусафирбеков
2012 жылғы 29 тамыз
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Д. Жұмаханов
2012 жылғы 29 тамыз