Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности, разрабатываемого субъектом Государственного энергетического реестра по итогам энергоаудита
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности, разрабатываемого субъектом Государственного энергетического реестра по итогам энергоаудита
- Атауы (қаз.)
- Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1118
- Қабылданған күні
- 31.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2015 AI67460_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001118
- ЭКБ идентификаторы
- 67460
- Редакция идентификаторы
- AI67460_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:27
0 Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
2 2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
3 3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннасына барабар көлемде энергетикалық ресурстар тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4
4) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
5 5) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
6
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;
7 7) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
8 8) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
9
9) энергия үнемдеу аймағы – энергия ресурстарын тұтынатын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілері болып табылатын технологиялық процестің, жабдықтың және оның қамтамасыз ету жүйесінің негізгі және қосалқы бөлігі, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың сапа менеджменті жүйесінің іс-шаралары.
2 2. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұны
3 3. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) осы Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
4 4. Іс-шаралар жоспарына толықтырулар және (немесе) өзгерістер оны бекіту және қайта бекіту мерзімін көрсету арқылы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші жетекшісімен бекітіледі.
5
5. Іс-шаралар жоспары шартты түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілеріне, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдық іс-шараларына, сондай-ақ өнім және аумақ бірлігіне энергия ресурстарын тұтыну көлемдерін төмендету бойынша талаптарға сәйкес келетін энергия үнемдеу аймақтарына бөлінген.
6 6. Іс-шаралар жоспарының әрбір ұстанымына, сондай-ақ энергия ресурсының түріне код және реттік нөмір беріледі. Іс-шара коды іс-шара мен энергия ресурсы түрінің қысқартылған атауын білдіреді.
7 7. Іс-шаралардың орындалу мерзімін ұйым өздігінен белгілейді.
8 8. Әрбір энергия үнемдеу аймағы бойынша және жалпы бүкіл Іс-шаралар жоспары бойынша іс-шараларды іске асыруға жоспарланған шығындардың қорытынды мәндері анықталады.
9 9. Іс-шаралар жоспары осы талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша 1-кесте мен 2-кестеден тұрады.
10 10. Іс-шаралар жоспарының 1-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1 1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш саннан тұратын реттік нөмірі;
2 2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) – іс-шараның толық, сөздер мен атаулардың қысқаруынсыз атауы;
3 3) 1-кестенің 3, 4, 5, 6, 7-бағандары (Орындалу мерзімі, жыл) – іс-шараның жылдың күні мен айын білдіретін, цифрлар түріндегі орындалу мерзімі (мысалы, 09.04). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады. Жыл бойында бірнеше орындалу мерзімін белгілеуге тыйым салынады;
4 4) 1-кестенің 8, 9, 10, 11, 12-бағандары (Жоспарланған шығындар) – жоспарланған қаржы шығындары млн. теңгемен көрсетіледі. Жоспарланған шығындар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады.
5
5) 1-кестенің 13-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалуын растайтын құжаттар бойынша деректер. Растайтын құжаттар көшірмесі Іс-шаралар жоспарына, оған толықтырулар мен өзгерістерге қосымшалар болып табылады. Егер іс-шара бірнеше жұмыстар негізінде немесе бірнеше ұйымдардың қатыстырылуымен орындалса онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.
11 11. Іс-шаралар жоспарының 2-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1 1) 2-кестенің 1 және 2-бағандары (Код және реттік нөмір, энергия ресурсының атауы) – толтырылмайды;
2
2) 2-кестенің 3, 4, 5, 6, 7-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтудың жоспарланған көлемі) – 2-бағанда көрсетілген және бүтін санды білдіретін үтірден кейінгі 3 саны бар (мысалы, 3,721) цифр түріндегі энергия ресурстарын тұтынуды жоспарланған азайтудың өлшем бірліктеріндегі көлемі. Энергия ресурстарын тұтынуды азайтудың жоспарланған көлемі әр жылға көрсетілуі тиіс.
3 3) 2-кестенің 8, 9, 10, 11, 12-бағандары (Жоспарланған үнемдеу, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарын тұтынуды жоспарланған азайтудан (3, 4, 5, 6, 7-бағандар) келетін ақшалық баламасындағы жоспарланған үнемдеу (млн. теңге).
4 4) 2-кестенің 13-бағаны (Барынша жоғары қуаттың ықтимал төмендеуі) – барынша жоғары қуаттың ықтимал төмендеуі электр энергиясына (кВт), жылу энергиясына (Гкалл*сағ) және суға (м3/сағ) жатады.
5 5) 2-кестенің 14-бағаны (Орындалу туралы белгі) – қорытындының нөмірі және күні және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі атауы көрсетілген энергия аудиті қорытындысы бойынша деректер.
12 12. Іс-шаралар жоспарының, оған толықтырулардың және (немесе) өзгерістердің электрондық түрі Microsoft Excel кестелік редакторында жасалады.
37 ___________________________________________________________ ұйымның толық атауы
Энергия аудитінің қорытындысы бойынша
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі
әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының нысаны мен мазмұнына
қойылатын талаптарға
қосымша
Нысан
Бекітемін
__________________
бірінші басшының лауазымы
_______________________
ұйымның қысқартылған атауы
___________ ______________________
қолы Т.А.Ә.
20 __ жылғы «___» _________________
(бекіту мерзімі)
(20 __ жылғы «___» _____________________)
(қайта бекіту мерзімі)
М.О.
1-кесте
___________________________________________________________ ұйымның толық атауы
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша 20 __ - 20 __ жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Код және нөмір
Іс-шаралар
Орындалу мерзімі, жыл
Жоспарланған шығындар,
млн. теңге
Орындалу туралы белгі
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру
ЭЖжЖ.01
ЭЖжЖ.02
ЭЖжЖ.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту
ЖЖжЖ.01
ЖЖжЖ.02
ЖЖжЖ.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру
ЖСЫ.01
ЖСЫ.02
ЖСЫ.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Сумен қамтамасыз ету және су бұру
СС.01
СС.02
СС.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық
TҚ.01
TҚ.02
TҚ.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер
ЕҚ.01
ЕҚ.02
ЕҚ.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті
ЭМ.01
ЭМ.02
ЭМ.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
ҚБА.01
ҚБА.02
ҚБА.03
...
Жиыны:
----
Барлығы
----
Жоспар бойынша жиыны
----
Жоспар бойынша барлығы
----
2-кесте
К о д
ж ә н е
н ө м і р
Энергия ресурсының атауы
Энергия ресурстарын тұтынуды жоспарланған азайту көлемі
Жоспарланған үнемдеу,
млн. теңге
Барынша жоғары қуаттың ықтимал төмендеуі
О р ы н д а л у ы
т у р а л ы
б е л г і
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
13
14
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Өнім/аумақ бірлігіне энергия ресурстарын тұтыну көлемдерін төмендету
Қ О . 0 1
Қатты отын (тонна)
-
Г а з . 0 2
Газ (м3)
-
С О . 0 3
Сұйық отын (тонна)
-
Э Э . 0 4
Электр энергиясы (кВт*сағ)
Ж Э . 0 5
Жылу энергиясы (ГКалл)
С . 0 6
Су (м3)
Жиыны:
-
-
Барлығы
-
Келісілді: Әзірлеушілер:
Ескертпе: