Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О состоянии и мерах по благоустройству областного центра города Уральска

Өзге акт · № 4-6 · қабылданған 19.06.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6747/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О состоянии и мерах по благоустройству областного центра города Уральска Күшін жойған 19.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О состоянии и мерах по благоустройству областного центра города Уральска

Күшін жойған Өзге акт № 4-6 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О состоянии и мерах по благоустройству областного центра города Уральска
Атауы (қаз.)
Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-6
Қабылданған күні
19.06.2000
Көрсетілген редакция
19.06.2000 6747_255801.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00Z0000397
ЭКБ идентификаторы
6747
Редакция идентификаторы
6747_255801
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
"Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы" Орал қаласының әкімі В.Қ. Мұқатаевтың хабарламасын тыңдай және талқылай отырып, сессия облыс орталығының объектілері мен құрамдас бөлігін тиісті жағдайға келтіру жөнінде оң шаралардың жүзеге асып жатқандығын атып көрсетеді.
Ғимараттардың қасбетін жаңғырту жұмысы басталды, "Таза қала" бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама шеңберінде қаланың тарихи бөлігіндегі үйлердің қасбеттерін жаңғырту және бүлінуі мүмкін үйлер бөлігін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлініс белбеулеріндегі, көгал алаңдардағы, көл жағасындағы тұзбен қаныққан топырақ іріктеп, оны құнарлы топырақпен толықтыру жүргізілуде, мұның өзі қаланың экологиялық жағдайын сауықтырады. Арық жүйесін қалпына келтіруде. Қаланың инженерлік коммуникациясына жөндеу жұмысы жүргізілген жерлерде асфальт бетон төсемдерін қалпына келтіру жүзеге асырылуда.
Қаланың санитарлық жағдайын қолдау және қаланы көркейту, сондай-ақ инженерлік коммуникацияны сақтап және пайдалану жағдайларын тиісті дәрежеде ұстай тұру мақсатында қалалық мәслихат Орал қаласы аумағын көркейту, санитарлық тазалау және жиыстыруды ұйымдастыру, кернеуі 1000 В - дейінгі электр жүйелерін қорғау жөніндегі міндетті ережелерді, Орал қаласы аумағындағы қалалық жолдар мен жол құрылыстарын пайдалану ережелерін, Орал қаласын жайландыру, мал мен құс ұстау ережелерін қабылдады. Қала шегінде қоқыс шығарып тастауды жою және олардың пайда болуына жол бермеу шаралары қабылданды.
Қатқыл тұрмыстың қалдықтары жинауды тәртіпке келтіру жолында қоқыс контейнерлерін бетондық алаңшалар салынуда, қаланың орталық көшелері бойына 1000-нан астам эстетикалық көріністі аудармалы қоқыс урналары орналастырылған.
Автожолдарды жамап жөндеу, жәрмеңкелер аумағы мен олардың орын тепкен жерлерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ғимараттардың, құрылыстардың, қоршаулардың, жарнамалық қалқандардың сыртқы көрінісіне қатаң талап қойылуда. "Қаланы безендіру" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды.
Сонымен бірге, қаланың гүлбақтары мен саябақтары, көгал белбеулері күтімсіз қалған. Жол төсемдерін қалпына келтірудің жұмысы қарқынсыз. Көшені жарықтандыру жұмысы мардымсыз. Тарихи ғимараттардың қасбеттерін жөндеу үшін соңғы он жылда бірінші рет қалалық бюджеттен қаржы бөлінуіне қарамастан, несиелік қор тәмамдалды, ал жұмыс жүргізу барысында жұмыс көлемі алғашқы бағалаудан едеуір көп болып шықты. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құрал объектілеріндегі жұмыс баяу қарқынмен жүргізілуде. Қала әкімшілігі жүргізіп жатқан кешенді таяу жылдарға есептеген ауқымды жұмыстың бастамасы ғана. Қаланың оң өзгерістері мен шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруды бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіз және қалалық коммуналдық қызметтерді техникалық жабдықталуының төмен деңгейде болы көп кедергі келтіруде.
Жоғарыда атап көрсетілгендерді негізге алып "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Заңының 40, 41 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. "Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы" Орал қаласы әкімінің хабарламасы қатерге алынсын.

Облыс орталығын көркейту және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі қала әкімшілігі қабылдаған бағдарлама мен шаралар қабылдансын.

2. Орал қаласының әкімшілігі (В.Қ. Мұқатаев) қаланы көркейту жұмысын одан әрі жалғастыратын болсын және бұл жолда:

2.1. Қала әкімінің шешімімен бекітілген тізбеге сәйкес қаланың тарихи бөлігінде орналасқан үйлердің қасбеттерін жөндеу және ғимараттарды қайта жаңғырту жұмысын аятайтын болсын.

2.2. Қаланың көгал белбеулерін, саябақтар мен гүлбақтарды қалпына келтіру шаралары алынсын.

2.3. Автомобиль жолдарының, жаяу өткелдердің, жол өткелдерінің, тротуарлардың жол төсегіш сапасын арттырып, жеделдете жүргізсін.

2.4. Қалалық мәслихатпен бірлесі отырып, қаланы көркейту жұмысын одан әрі жүргізу үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздестіріп, несиелік қаржы көлемін көбейтуге күш салынатын болсын.

3. Баланстарында қарасты инженерлік коммуникациялары бар кәсіпорындардың басшылары бір айлық мерзімді уақыттың ішінде өздері бұзған жолдар мен тротуарлардың төсемдерін қалпына келтірсін, бүлінген көгал аймақтарын қайта өңдеуден өткізсін.

4. Облыс әкіміне облыс орталығының санитарлық жағдайын және автокөлікжолдарды жөндеуді қамтамасыз ететін қаланың коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарын техникалық қайта жабдықтауға қаражат бөлу ұсынылсын.

5. Облыстық ішкі істер басқармасына (Т.Ш. Рақымжанов), облыстық санитарлық-эпидемиялық қызмет (А.И. Бирюков), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Р.Х. Сүйірбаев) жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, қала объектілерінің бақылауды күшейтсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.