О сроке составления аудиторского отчета финансовых организаций и его представления в Национальный Банк Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О сроке составления аудиторского отчета финансовых организаций и его представления в Национальный Банк Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 27.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2019 67474_421214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007903
- ЭКБ идентификаторы
- 67474
- Редакция идентификаторы
- 67474_421214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:43
0 Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудиторлық ұйымдар "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті жасайды және оны есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау, оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну мерзімдері туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі № 81 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.