Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений

Қаулы · № 1243 · қабылданған 11.08.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6751/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений Күшін жойған Қаулы ·№ 1243 ·11.08.2000
07.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений

Күшін жойған Қаулы ·№ 1243 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений
Атауы (қаз.)
Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1243
Қабылданған күні
11.08.2000
Көрсетілген редакция
07.02.2019 6751_389150.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001243_
ЭКБ идентификаторы
6751
Редакция идентификаторы
6751_389150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:19

0 Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 37 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының азаматтарын құқық тәртiбiн және қоғамдық қауiпсiздiктi қорғауға қатысуға белсендi тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуге ақы төлеуге қаражат көздеу ұсынылсын.

3 3. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

4 Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 12 тамыздағы
N 1243 қаулысымен
бекiтiлген
Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесi
Осы Ереже қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесiн реттейдi.

1

1. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссиялар (бұдан әрi - комиссия) қарайды.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.03.2008 № 291 Қаулысымен.

2 2. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi атқарушы органдар мен iшкi iстер органдарының өкiлдерi енгiзiледi.

3 3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына iшкi iстер органдары ұсынады.

4 4. Комиссия қабылдаған шешiм - көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес iшкi iстер органы басшысының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

5

5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

6 6. Ақшалай сыйақы төлеудi, көтермелеуге ұсыныс енгiзген iшкi iстер органдары жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

7 7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат iшкi iстер органдары шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

Қолданыстағы