Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска

Өзге акт · № 4 · қабылданған 03.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67513/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·03.08.2012
27.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска
Атауы (қаз.)
Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
03.08.2012
Көрсетілген редакция
27.12.2013 67513_126694.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SA001824
ЭКБ идентификаторы
67513
Редакция идентификаторы
67513_126694
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:39

0 Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1

1) тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына бір рет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тістерін протездеуге (бағалы металдар мен металлокерамика, металлоакрилден жасалған протездерден басқа);

2 2) жылына бір рет Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға санаторий-курорттық емделуге;

3

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен ай сайынғы ұсынылатын мәлімет негізінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша, шаштараз қызметтерінің төлеміне айына 230 теңге мөлшерінде;

4

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тізімдері негізінде туберкулезбен ауыратын тұлғаларға амбулаторлық емделу кезіне қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге, қалалық қоғамдық көлікте айына қырық сегіз рет жол жүру құнынан аспайтын мөлшерде;

5

5) аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, жан басына шаққандағы отбасы табысы он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын, Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім алуға гранттар мен кредиттерге иегер болмаған, күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге;

6 6) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) жан басына шаққандағы отбасының (азаматтың) табысына қарамастан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек;

7 7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;

8 8) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған толық емес көп балалы отбасыларға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.

2 2. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру 451-007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.

3 3. Әлеуметтік төлемдер екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы бөлінген бюджеттік қаражат шегінде ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек алушылардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізілсін.

4 4. Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі анықталсын, қосымшаға сәйкес.

5

5. «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешімінің (2010 жылғы 7 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-174, 2010 жылғы 9 сәуірдегі «Қызылжар нұры» газетінің № 17, 2010 жылғы 9 сәуірдегі «Проспект СК» газетінің № 16 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:

15 Петропал қалалық маслихаты

2012 ж. 3 тамыздағы № 4
шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

1 1. 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақшаларда көрсетілген әлеуметтік көмек түрлерінің өтініш берушілері үшін:

1 1) өтініш;

2 2) өтініш берушінің жеке басын куәландырушы құжат көшірмесі;

3 3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

4 4) тұрғылықты жерін растаушы құжат көшірмесі;

5 5) банктік шот нөмірін растаушы құжат көшірмесі.

2 2. Мынадай әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау үшін беріледі:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға тіс протездеуге:

мәртебесін куәландырушы құжат көшірмесі;
тіс протездеу құны туралы ұйымнан шот-фактура;

2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға санаторлық-курорттық емделуге:

мәртебесін куәландырушы құжат көшірмесі;
санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы медициналық мекеме қорытындысы;

3 3) аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттерге:

өтініш беруші отбасы мүшелерінің тапқан табысын куәландырушы құжаттар;
жоғары оқу мекемесімен жасалған шарт көшірмесі;
жоғары оқу мекемесімен берілген, аталған ЖОО оқу фактісін куәландырушы анықтама;

4 4) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасылар (азаматтар) үшін:

уәкілетті органмен берілген, төтенше жағдай фактісін растаушы анықтама;

5 5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған 18 жасқа толған жетім балалар үшін:

жетімдік мәртебесін куәландырушы құжат көшірмесі;
«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен өтініш берушінің шын мәнінде тұрғын үй алуға кезекте тұрғаны туралы анықтама.

6 6) төрт және одан кейінгі бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар толық емес көп балалы отбасылар үшін:

ата-анасының біреуінің жоғын растаушы құжат көшірмесі (балаларға № 4 нысандағы анықтама, немесе ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, ажырасқаны туралы куәлік және т.б.);
балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен өтініш берушінің шын мәнінде тұрғын үй алуға кезекте тұрғаны туралы анықтама.

Қолданыстағы