Об утверждении стоимости разовых талонов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стоимости разовых талонов
- Атауы (қаз.)
- Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-4
- Қабылданған күні
- 21.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 AI67529_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VE002647
- ЭКБ идентификаторы
- 67529
- Редакция идентификаторы
- AI67529_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:32
0 Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV Заңының 36 бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. 1 қосымшаға сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
2
2. 2 қосымшаға сәйкес базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және занды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
3
3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3-9 «Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары туралы» (2008 жылы 24 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-67 нөмерімен тіркелген, «Абай елі» газетінің 2008 жылғы 15-29 ақпандағы № 4 (038) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 10 шілдедегі № 5-7 “Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін бекіту туралы” шешімінің күші жойылсын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны
Абай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 21 тамыздағы
№ 6-4 шешіміне
1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны
Қызмет түрі
Бір жолғы талондардың құны
(тенге)
Газеттер мен журналдар сату
49
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) сату
114
Бақша дақылдарын сату
114
Саяжайларда және үй маңындағы телімдерде өсірілген табиғи гүлдерді сату
81
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай телімдерінің өнімдерін сату
243
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату
162
Сыпыртқылар, сыпырғылар сату
49
Орман жидегін, бал, саңырауқұлақтар сату
81
Балық сату
130
Жер телімдерін өндеу бойынша иеленушілердің жеке тракторларының қызметі
243
Үй жануарлары мен құстарын бағу
130
7 Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату жұмыстары орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер занды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны
Абай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 21 тамыздағы
№ 6-4 шешіміне
2 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату жұмыстары орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер занды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны
Тауар түрі
Сауда алаңы
Бір жолғы талондардың құны (тенге)
Базарларда тауарлар өткізу жұмыстарын орындау
Бір сату орны
162