Об утверждении Правил и критериев признания и допустимости действия на территории Республики Казахстан международных стандартов и стандартов Республики Казахстан, используемых в реализации проектных механизмов в сфере регулирования выбросов и поглощений парниковых газов, проведении инвентаризации парниковых газов, верификации и валидации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и критериев признания и допустимости действия на территории Республики Казахстан международных стандартов и стандартов Республики Казахстан, используемых в реализации проектных механизмов в сфере регулирования выбросов и поглощений парниковых газов, проведении инвентаризации парниковых газов, верификации и валидации
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 238-ө
- Қабылданған күні
- 07.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 67550_534061.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007905
- ЭКБ идентификаторы
- 67550
- Редакция идентификаторы
- 67550_534061
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:38
0
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 34-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері бекітілсін.
2 2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің м.а.
______________ А. Рау
2012 жылғы 2 тамыз
0 Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі м.а.
2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдерін және тәртібін айқындайды.
2 2. Қағидалардың қолданысы парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерге, парниктік газдарды түгендеу, верификация мен валидация жүргізуге таралады.
2 2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану тәртібі
3 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын олардың Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етуі мен тануына келесі жағдайларда қарастырады:
1 1) Қазақстан Республикасымен квота бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін өзара тану туралы халықаралық шарт жасасқанда;
2 2) жеке және заңды тұлғалар өтініш білдіргенде.
4 4. Уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын осы Қағидалардың 3-тарауында қарастырылған қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады.
5
5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын ұлттық стандарттар ретінде қолдану немесе 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 24-бабына сәйкес техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға олардың есептік тіркеуі туралы ұсыныс енгізеді.
6 6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану туралы хатты береді.
3 3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдері
7
7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын тану үшін мына өлшемдер болып табылады:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті ережелерінің болмауы;
2 2) халықаралық қолдану тәжірибесінің болуы (халықаралық стандарттар болған жағдайда);
8
8. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету үшін мына өлшемдер болып табылады: