Құжат мәтініне өту

Об установлении требований по энергоэффективности зданий, строений, сооружений и их элементов, являющихся частью ограждающих конструкций

Қаулы · № 1181 · қабылданған 11.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67583/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении требований по энергоэффективности зданий, строений, сооружений и их элементов, являющихся частью ограждающих конструкций Күшін жойған Қаулы ·№ 1181 ·11.09.2012
21.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении требований по энергоэффективности зданий, строений, сооружений и их элементов, являющихся частью ограждающих конструкций

Күшін жойған Қаулы ·№ 1181 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении требований по энергоэффективности зданий, строений, сооружений и их элементов, являющихся частью ограждающих конструкций
Атауы (қаз.)
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1181
Қабылданған күні
11.09.2012
Көрсетілген редакция
21.08.2015 AI67583_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001181
ЭКБ идентификаторы
67583
Редакция идентификаторы
AI67583_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:22

0 Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптар белгіленсін.

2 Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптар

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1181 қаулысымен
бекітілген
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 9) тармақшасына және 11-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жылыту кезеңінде үйді, құрылысты, ғимаратты жылытуға жұмсалатын жылу энергиясының үлестік шығыны – ауданның бірлігіне немесе жылытылатын көлемнің бірлігіне және жылыту кезеңінің градустық тәулігіне жататын үйдегі жылу және ауа режимінің нормаланған параметрлері кезіндегі ауа алмасуды және қосымша жылу бөлуді есепке ала отырып, жылыту кезеңіндегі жылу энергиясының нормаланған саны;

2 2) жылыту кезеңінің градустық тәулігі (ЖКГТ) – климат қаталдығының дәрежесін сипаттайтын көрсеткiш, объектiлердiң жылу беруге кедергiсін айқындау үшiн базалық есептік шама болып табылады, жайлылық параметрлерiн ұстап тұруға жұмсалатын энергия шығындары деңгейiн жанама түрде сипаттайды;

3

3) қоршау конструкциясы фрагментінің жылу беруге келтірген кедергісі – жылу берудің стационарлы жағдайында үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасының фрагменті арқылы жылу ағынының аудан бойынша орташаланған тығыздығын сипаттайтын, саны жағынан фрагмент арқылы ауданы бойынша орташаланған жылу ағынының тығыздығының фрагменттің әртүрлі жағындағы температуралар айырмашылығы қатынасына тең физикалық шама;

4 4) үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасы – тұйық контур құрайтын қоршау конструкцияларының үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылытылатын көлемін шектейтін жиынтық;

5

5) үйдің, құрылыстың, ғимараттың үлестік жылу қорғау сипаттамасы – үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасын сипаттайтын, саны жағынан температура 1оС ауытқыған кезде үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасы арқылы жылытылатын көлем бірлігінің уақыт бірлігіне жұмсайтын жылу энергиясы шығасыларына тең физикалық шама;

6

6) үйдің, құрылыстың, ғимараттың үлестік жылу қорғау сипаттамасының нормаланатын шамасы – үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасы арқылы 1оС температураның ауытқуы кезіндегі уақыт бірлігінде жылыту көлемі бірлігінің жылу энергиясының шығындарына тең үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау сипаттамасының физикалық шамасы;

7 7) үйлестіріле жылытылған конструкция – барлық элементтер жылу техникалық сипаттамаларының мәні жағынан ұқсас қоршау конструкциясы;

8 8) үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергия тиімділігі сыныбы – үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;

9 9) үйдің, құрылыстың, ғимараттың қоршау конструкциясының бөлігі – үйдің, құрылыстың, ғимараттың сыртқы қабықшасын құрайтын элементтер (қабырғалар, терезелер, есіктер (қақпалар), витраждар, шамдар, жабындар, техникалық жертөлелер немесе жылытылмайтын жертөлелер үстіндегі жабындар);

10 10) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;

11

11) энергетикалық ресурстар – қамдалған энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінде пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);

12 12) энергия үнемдеуші шешім – үйді, құрылысты, ғимаратты жобалау кезінде энергия ресурстарын пайдаланумен байланысты және олардың шығындарын оңтайландыруға бағытталған сәулет-құрылыстық және техникалық шешімдер;

13

13) электр энергиясының сапасын арттыратын энергия үнемдеуші құрылғы – электрмен жабдықтау жүйелерінде қуат коэффициентін жоғарылатуға, фазалардың қиғаштануын өтеуге, электр желісінде жоғары жиілікті гармоникалар деңгейін төмендетуге және электрмагниттік сәйкестікті жақсартуға, іске қосушы токтарды және желідегі кернеулердің ыршуын өтеуге, найзағайдан қорғауға және кернеудің қысқа мерзімдік төмендеуінен қорғауға мүмкіндік беретін энергия үнемдеуші құрылғы;

14 14) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру.

3 3. Талаптар жобаланып және салынып жатқан (қайта жаңарту, күрделі жөндеу) үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылады.

4 4. Талаптар мынадай үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылмайды:

6 6) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;

7 7) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;

8 8) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстар;

9 9) жалпы алаңы елу шаршы метрден кем бөлек тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;

10 10) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;

11 11) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.

2 2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптар

5

5. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігіне ықпал ететін сәулет, көлемдік-жоспарлау, технологиялық, конструкциялық және инженерлік-техникалық шешімдер мен жобалау құжаттамасына енгізілетін және салу (қайта жаңарту, күрделі жөндеу) кезінде материалдарға қойылатын, энергетикалық ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік беретін талаптар мыналар болып табылады:

1 1) үйдегі, құрылыстағы, ғимараттағы жылу энергиясы шығынының нормаланатын (базалық) үлестік шамасы осы талаптарға 1 және  2-қосымшаларда көрсетілген көрсеткіштен аспауы тиіс;

2 2) қоршау конструкциясының жылу беруіне талап етілетін (нормаланатын) кедергісінің базалық мәнінің көрсеткіші осы талаптарға 3-қосымшада көрсетілген көрсеткіштен кем болмауы тиіс;

3 3) үйдің, құрылыстың, ғимараттың үлестік жылу қорғау сипаттамасының нормаланатын мәнінің көрсеткіші осы талаптарға 4-қосымшада көрcетiлген көрсеткіштен аспауы тиіс.

6 6. Үйдің, ғимараттың, құрылыстың қоршау конструкцияларының экономикалық тиімді шешімі құрылыс объектісінің нақты климаттық жағдайларын есепке ала отырып таңдалады.

7

7. Жаңа үйлер, құрылыстар, ғимараттар салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте «А», «В» немесе «С» энергия тиімділік сыныптарына сәйкес болуы қажет.

8

8. Салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу кезінде пайдалануға беріліп жатқан үй, құрылыс, ғимарат сәйкес болуы тиіс үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер, технологиялық жабдықтар және жобалау құжаттамасына енгізілетін технологияларға қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:

1 1) жылыту жүйелерінің жылыту құралдарында автоматикалық термостатикалық клапандармен жабдықтау;

2 2) үйге немесе үйдің, ғимараттың, құрылыстың бөлігіне кіреберісте орнатылған ыстық сумен қамтамасыз етуге суды жылытуға арналған, оның температурасын автоматты реттеуші құрылғысы бар жылу алмастырушылармен жабдықтау;

3 3) желдету жүйесінің желдеткіштеріне, үй ішіндегі жылыту, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне, ауа баптау жүйелеріне жоғарғы екі энергия тиімділігі сыныбынан төмен емес (сыныптары айқындалған болса) электр қозғалтқыштарымен жабдықтау;

4 4) ғимараттың кіреберісінде, көлденең (пәтер-пәтерлік) жылыту таратушысы бар пәтерлерде орнатылған энергетикалық және су ресурстарын есепке алу құралдарымен жабдықтау;

5

5) желдету жүйелерінің жұмысын оңтайландырушы аспаптармен (қажеттілік бойынша автоматты түрде сыртқа ауа беруді қамтамасыз ететін терезедегі немесе қабырғалардағы ауа өткізуші клапандар, тұрмысқа қажет ағын немесе ыстық суды жылыту үшін тартқыш ауа жылуын кәдеге жаратқыштары, кері циркуляцияны қолдану) жабдықтау;

6 6) үйге, ғимаратқа, құрылысқа кіреберісте суық және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі су қысымын реттегіштермен жабдықтау;

7 7) жылыту жүйелерін температура реттейтін, оның ішінде есепке алу аспаптары беретін деректер негізінде автоматтық реттейтін аспаптармен жабдықтау;

8 8) жылыту кезеңінде жұмыс уақытынан тыс кезде қоғамдық ғимараттардың үй жайларындағы ауа температурасын автоматты төмендету аспаптарымен (жылу беруді шектеу немесе толық тоқтату арқылы) жабдықтау;

9 9) ортақ пайдалану орындарында энергия үнемдеуші жарық беруші құралдармен жабдықтау;

10 10) ортақ пайдалану орындарында адамдар болмаған жағдайда жарықты өшіруді қамтамасыз ететін жабдық (қозғалыс датчиктері, ажыратқыштар) орнату;

11 11) электр қозғалтқыштарының жұмыс істеуі кезінде реактивтiк қуатты өтейтін құрылғылармен жабдықтау;

12 12) есiк жапқыш топсалармен (көппәтерлi үйлерде – ортақ пайдалану орындарындағы барлық есiктер үшiн) жабдықтау;

13 13) кiретiн топтар тамбурларында ең аз жылу шығынын қамтамасыз ететiн екiншi есiк немесе айналмалы есiктер;

14 Ғимараттарды, бір пәтерлі аз қабатты тұрғын үйлерді жылыту кезеңінде жылытуға және желдетуге арналған жылу энергиясы шығынының нормаланған (базалық) үлестік сипаттамасы, Вт/(м3*оС)

14) терезелердi ашу шектегiштерiмен (көппәтерлi үйлер үшiн – ортақ пайдалану жайларында) жабдықтау.
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың
және олардың қоршау конструкцияларының
бөлігі болып табылатын элементтерінің
энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға
1-қосымша
Ғимараттарды, бір пәтерлі аз қабатты тұрғын үйлерді жылыту кезеңінде жылытуға және желдетуге арналған жылу энергиясы шығынының нормаланған (базалық) үлестік сипаттамасы, Вт/(м3*оС)
Үй­лер­дің жы­лы­ты­ла­тын ауда­ны, м2
Қа­бат­тар са­ны­мен
1
2
3
4
50 және кем
0,579
-
-
-
100
0,517
0,558
-
-
150
0,455
0,496
0,538
-
250
0,414
0,434
0,455
0,476
400
0,372
0,372
0,393
0,414
600
0,359
0,359
0,359
0,372
1000 және ар­тық
0,336
0,336
0,336
0,336
Ес­керт­пе:
1. - ғи­ма­рат­тар­ды жы­лы­ту­ға және жел­де­ту­ге ар­нал­ған жы­лу энер­ги­я­сы шы­ғы­ны­ның нор­ма­лан­ған (ба­за­лық) үле­стік си­патта­ма­сы.
2. 50—1000 м2 ара­лы­ғын­да­ғы үй­дің жы­лы­ты­ла­тын ауда­ны­ның ара­лық мән­де­рі ке­зін­де мән­де­рі сызық­тық ин­тер­по­ля­ция бой­ын­ша анық­та­луы ти­іс.
3. Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ны әзір­леу са­ты­сын­да­ғы тұр­ғын үй және қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тың энер­гия ти­ім­ді­лі­гі, тем­пе­ра­ту­ра­ның 1оС-ға, , Вт/(м3·0С) неме­се Вт/(м2·0С) ауыт­қуы ке­зін­де уа­қыт бір­лі­гін­де жы­лы­ты­ла­тын ғи­ма­рат ауда­ны­ның 1 м2 неме­се жы­лы­ты­ла­тын ғи­ма­рат кө­ле­мі­нің 1 м3 жы­лы­ту­ға және жел­де­ту­ге кет­кен жы­лу энер­ги­я­сы­ның шы­ғы­ны­на тең ғи­ма­рат­ты жы­лы­ту мен жел­де­ту­ге ар­нал­ған жы­лу энер­гия шы­ғы­ны­ның үле­стік си­патта­ма­сы қа­был­да­на­тын энер­гия ти­ім­ді­лі­гі­нің көр­сет­кі­ші­мен си­патта­ла­ды.
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың
және олардың қоршау конструкцияларының
бөлігі болып табылатын элементтерінің
энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға
2-қосымша
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жылыту кезеңінде жылытуға және желдетуге арналған жылу энергиясы шығынының нормаланған (базалық) үлестік сипаттамасы, Вт/(м3·0С)
Р/с №
Ғи­ма­рат тү­рі
Ғи­ма­рат қа­ба­ты
1
2
3
4, 5
6, 7
8, 9
10, 11
12 және жо­ға­ры
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Көп пәтер­лі тұр­ғын, қо­нақ үй­лер, жа­тақ­ха­на­лар
0,455
0,414
0,372
0,359
0,336
0,319
0,301
0,290
2
Кесте­нің 3–6 жол­да­рын­да көр­се­ті­л­ген­дер­ді қо­с­па­ған­да­ғы қо­ғам­дық
0,487
0,440
0,417
0,371
0,359
0,342
0,324
-
3
Ем­ха­на­лар және ем­деу ме­ке­ме­ле­рі, ин­тер­нат үй­лер
0,394
0,382
0,371
0,359
0,348
0,336
0,324
-
4
Мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер, хос­пи­стер
0,521
0,521
0,521
-
-
-
-
-
5
Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту, мә­де­ни-бос уа­қыт әре­ке­ті, тех­но­парк­тер, қой­ма­лар
0,266
0,255
0,243
0,232
0,232
-
6
Әкім­ші­лік мақ­сат­та­ғы (кең­се­лер)
0,417
0,394
0,382
0,313
0,278
0,255
0,232
0,232
Ес­керт­пе­лер:
1. q жы­лы­ту ке­зе­ңін­де ғи­ма­рат­тар­ды жы­лы­ту­ға және жел­де­ту­ге жы­лу энер­ги­я­сы­ның үле­стік шы­ғы­нын кВт сағ/(м3 жыл) неме­се кВт сағ/(м2 жыл) мы­на­дай фор­му­ла­лар бой­ын­ша анық­та­ған жөн:
, кВт сағ/(м3·жыл);
, кВт сағ/(м2·жыл);
2. - ғи­ма­рат­тар­ды жы­лы­ту­ға және жел­де­ту­ге жұм­са­ла­тын жы­лу энер­ги­я­сы шы­ғы­ны­ның үле­стік (негіз­гі) си­патта­ма­сы;
3. h – ғи­ма­рат қа­ба­ты­ның ор­та­ша би­ік­ті­гі.
Үле­стік («жы­лу қор­ғау») си­патта­ма­сы Вт/(м3ЧоС) –ғи­ма­рат­тың жы­лу қор­ғау қа­бық­ша­сы ар­қы­лы 1оС ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның ауыт­қуы ке­зін­де­гі уа­қыт бір­лі­гін­де (се­кунд­та) ғи­ма­рат­тың жы­лы­ты­ла­тын кө­ле­мі­нің 1 м3 жо­ғал­та­тын жы­лу энер­ги­я­сы­на тең. Егер үле­стік жы­лу қор­ғау си­патта­ма­сы ЖКГТ-ға және 0,024 мөл­шер­лі ко­эф­фи­ци­ен­тіне кө­бей­ті­ле­тін бол­са, он­да жы­лы­ту ке­зе­ңін­де ішін­де ғи­ма­рат­тың жы­лы­ты­ла­тын кө­ле­мі­нің 1 м3 қа­бық­ша­сы ар­қы­лы жо­ға­ла­тын кВт сағ жы­лу энер­ги­я­сы мөл­ше­рі алы­на­ды, егер осы сан­ды қа­бат­тың би­ік­ті­гіне кө­бей­те­тін бол­сақ, он­да кВт сағ-пен (м2 жыл) өл­ше­не­тін ғи­ма­рат қа­бық­ша­сы ар­қы­лы жо­ға­ла­тын жы­лу­мен негіз­де­ле­тін «ғи­ма­рат­ты жы­лы­ту­ға ар­нал­ған жы­лу энер­ги­я­сы­ның үле­стік шы­ғы­ны» алы­на­ды.
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың
және олардың қоршау конструкцияларының
бөлігі болып табылатын элементтерінің
энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға
3-қосымша
Қоршау конструкциялардың жылу беруге кедергісінің талап етілетін (нормаланатын) базалық мәндері
Р/с №
Ғи­ма­рат­тар мен үй-жай­лар, а және b ко­эф­фи­ци­ент­те­рі
Қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­ның жы­лу бе­ру­ге , м2·0С/Вт ке­дер­гі­нің нор­ма­лан­ған мән­де­рі
Жы­лы­ту ке­зең­де­гі гра­дус-тәу­лік­тер ЖКГТ, 0С·тәу/жыл.
Қа­быр­ға­лар­дың
Жа­бын­дар­дың және жүрiп өту­лер­дiң үстiн­де­гі жа­бын­дар­дың
Ша­тыр­да­ғы, жы­лы­тыл­май­тын еден асты және жер­тө­ле­лер­дiң үстiн­де­гі жа­бын­дар­дың
Те­ре­зе­лер және бал­кон есiк­терi­нің, вит­ри­на­лар мен зер­әй­нек­тер­дің
Тiк шы­ны­ла­у­лы шам­дар­дың
1
Тұр­ғын, ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық және ба­ла­лар ме­ке­ме­лерi, мек­теп­тер, ин­тер­нат­тар, қо­нақ үй­лер мен жа­тақ­ха­на­лар
2000
2,1
3,2
2,8
0,3
0,3
4000
2,8
4,2
3,7
0,45
0,35
6000
3,5
5,2
4,6
0,6
0,4
8000
4,2
6,2
5,5
0,7
0,45
10000
4,9
7,2
6,4
0,75
0,5
12000
5,6
8,2
7,3
0,8
0,55
а

0,00035
0,0005
0,00045

0,000025
b

1,4
2,2
1,9

0,25
2
Жо­ға­ры­да көрcетiл­ген­дер­ден бас­қа қо­ғам­дық, әкiм­шiлiк және тұр­мыстық, өн­дiрiстiк және дым­қыл неме­се ылғал­ды ре­жим­ді та­ғы бас­қа ғи­ма­рат­тар және үй-жай­лар
2000
1,8
2,4
2,0
0,3
0,3
4000
2,4
3,2
2,7
0,4
0,35
6000
3,0
4,0
3,4
0,5
0,4
8000
3,6
4,8
4,1
0,6
0,45
10000
4,2
5,6
4,8
0,7
0,5
12000
4,8
6,4
5,5
0,8
0,55
а

0,0003
0,0004
0,00035
0,00005
0,000025
b

1,2
1,6
1,3
0,2
0,25
3
Құр­ғақ және қа­лып­ты ре­жим­ді өн­дiрiстiк*
2000
1,4
2,0
1,4
0,25
0,2
4000
1,8
2,5
1,8
0,3
0,25
6000
2,2
3,0
2,2
0,35
0,3
8000
2,6
3,5
2,6
0,4
0,35
10000
3,0
4,0
3,0
0,45
0,4
12000
3,4
4,5
3,4
0,5
0,45
а

0,0002
0,00025
0,0002
0,000025
0,000025
b

1,0
1,5
1,0
0,2
0,15
Ес­керт­пе­лер:
1. - қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­ның жы­лу бе­рі­лу­іне та­лап еті­ле­тін (нор­ма­лан­ған) ке­дер­гі­нің ба­за­лық мәні, м2*0С/Вт.
2. ЖКГТ ша­ма­ла­ры үшін кесте­лер­ден ерекше­ле­не­тін мән­де­рін мы­на фор­му­ла бой­ын­ша анық­та­ған жөн
,
мұн­да­ғы ЖКГТ — жы­лы­ту ке­зе­ңін­де­гі гра­дус-тәу­лік, 0С·тәу/жыл., нақ­ты тар­мақ үшін;.
a, b — 6 ба­ған­ды қо­с­па­ған­да ти­іс­ті ғи­ма­рат­тар­дың топ­та­ры үшін кесте­де­гі де­ректер бой­ын­ша мән­де­рін қа­был­дау қа­жет ко­эф­фи­ци­ент­тер; 6000 дей­ін ара­лық үшін 0С·тәу/жыл: а = 0,000075, b = 0,15; 6000-8000 0С· тәу/жыл ара­лық үшін: а = 0,00005, b = 0,3; 8000 0С· тәу/жыл және одан да көп ара­лық үшін: а = 0,000025; b = 0,5 1-ұста­ным­да­ғы ғи­ма­рат­тар топ­та­ры үшін.
3. Бал­кон есiк­терiнiң тұй­ық бөлi­гiнiң жы­лу бе­ру­ге кел­тiрiле­тін нор­ма­ла­на­тын ке­дер­гi­сі бұл кон­струк­ци­я­лар­дың жа­рық өт­кiз­гiш бөлi­гiнiң жы­лу бе­руiне нор­ма­ла­на­тын ке­дер­гi­ден ке­мін­де 1,5 есе жо­ға­ры бо­лу қа­жет.
4. * 23 Вт/м3-тен астам анық жы­лу­дың ар­тығ­ы­мен жы­лу бе­ру­ге ке­дер­гiнiң нор­ма­ла­на­тын мән­дерi ар­найы тех­ни­ка­лық шар­ттар­да анық­та­луы қа­жет әр­бiр нақ­ты ғи­ма­рат үшiн анық­та­луы тиiс.
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың
және олардың қоршау конструкцияларының
бөлігі болып табылатын элементтерінің
энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға
4-қосымша
Ғимараттың үлестік жылу қорғау сипаттамасының нормаланатын мәндері
Р/с №
Ғи­ма­рат­тың жы­лы­ты­ла­тын кө­ле­мi, Vжы, м3
ЖКГТ, оС тәу/жыл. мән­де­рі ке­зін­де­гі , Вт/(м3 оС) мән­де­рі
1000
3000
5000
8000
12000
1
2
3
4
5
6
7
1
300
0,957
0,708
0,562
0,429
0,326
2
600
0,759
0,562
0,446
0,341
0,259
3
1200
0,606
0,449
0,356
0,272
0,207
4
2500
0,486
0,360
0,286
0,218
0,166
5
6000
0,391
0,289
0,229
0,175
0,133
6
15000
0,327
0,242
0,192
0,146
0,111
7
50000
0,277
0,205
0,162
0,124
0,094
8
200000
0,269
0,182
0,145
0,111
0,084
Ес­керт­пе:
1. - ғи­ма­рат­тың үле­стік жы­лу қор­ғау си­патта­ма­сы­ның нор­ма­лан­ған мәні, Вт/(м3* оС).
2. Ғи­ма­рат­тар кө­ле­мiнiң ара­лық ша­ма­ла­ры және ЖКГТ үшiн, сон­дай-ақ 200000 м3 аса­тын ғи­ма­рат­тың жы­лы­ты­ла­тын кө­ле­мі­нің ша­ма­ла­ры үшiн мәні ҚР ҚЕ
2. 04-04-2011-де кел­ті­рі­л­ген фор­му­ла­лар бой­ын­ша есеп­те­ле­ді.

Қолданыстағы