Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области телерадиовещания

Бұйрық · № 91 · қабылданған 29.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67589/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области телерадиовещания Күшін жойған Бұйрық ·№ 91 ·29.06.2012
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области телерадиовещания

Күшін жойған Бұйрық ·№ 91 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области телерадиовещания
Атауы (қаз.)
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
91
Қабылданған күні
29.06.2012
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI67589_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007868
ЭКБ идентификаторы
67589
Редакция идентификаторы
AI67589_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:53

0 Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекел деңгейлерiнiң ұсынылған бағалау өлшемдерi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен соң оның ресми түрде жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi төрағасына жүктелсiн (Б.С. Калианбеков).

4 4. Осы бірлескен бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
министрінің м.а.
________________ Д. Мыңбай
2012 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
____________ М. Әбілқасымова
2012 жылғы «___» _________

8 Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері

­Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы № 91
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң м.а.
2012 жылғы 17 шілдедегі № 223
бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері

1

1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерін тәуекелдер деңгейлері бойынша топтастыру үшін әзірленген.

2 2. Тәуекелдерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тексерілетін субъектілер – телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар.

3 3. Жоспарлы тексерулерді өткізу кезеңділігі тәуекел деңгейіне байланысты, алайда олардың кезеңділігі төменде көрсетілген саннан жиі болмауы тиіс:

жылына бір рет – тәуекелдің деңгейі жоғары болғанда;
үш жылда бір рет – тәуекелдің деңгейі орта болғанда;
бес жылда бір рет – тәуекелдің деңгейі шамалы болғанда.

4 4. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел деңгейлері бойынша жатқызу бiрiншi және кейiнгi бөлу арқылы жүзеге асырылады.

5 5. Бiрiншi бөлу кезiнде телерадио хабарларын тарату операторлары және телекомпаниялар тәуекелi жоғары деңгейге жатқызылады, ал радиокомпаниялар тәуекелi орта деңгейге жатқызылады.

6 6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел деңгейі бойынша келесіге жатқызу алынған балдар санына байланысты тек тәуекелдің деңгейін бағалаудың өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.

7 7. Тәуекелдің әрбір өлшемі бойынша 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, шекті мөлшері бар сәйкесінше балдар беріледі.

8 8. Тәуекелдің өлшемдері бойынша балдар барлық өлшемдер бойынша жалпы сомалық қорытындыны анықтау үшін сомаланады.

9 9. Тәуекелдің барлық өлшемдер бойынша сомалық қорытынды нәтижелері тексерілетін субъектілерді тәуекел деңгейі бойынша бөлу үшін пайдаланылады.

10 10. Тәуекелдің деңгейі бойынша тексерілетін субъектілерді бөлу келесі түрде жүзеге асырылады:

1 1) тәуекелдің жоғары деңгейі – 21 балдан жоғары;

2 2) тәуекелдің орта деңгейі – 12-ден 20 балға дейін (қоса алғанда);

3 3) тәуекелдің мардымсыз деңгейі – 11 балға дейін (қоса алғанда).

11 11. Тәуекелдiң бiр тобының iшiнде жоспарлы тексерiс жүргiзуге тексерiлетiн субъектiлердi iрiктеу мына принцип бойынша жүзеге асырылады:

1 1) жиналған баллдың ең үлкен саны;

2 2) тексерiлмеген ең үлкен кезеңi.

26 Телерадио хабарларын

тарату саласындағы жеке
кәсіпкерліктің тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
Тәу­е­кел­дер топ­та­ры
Тәу­е­кел­дер дең­гей­ле­рін ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Балл
1. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне жал­пы бо­лып та­бы­ла­тын
Өзін өзіне қол жұм­са­уды на­си­хат­тай­тын ақ­па­рат­тың жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тал­мауы
3
Қа­тыг­ез­дік пен зор­лық­ты, әле­умет­тік, нә­сіл­дік, ұлт­тық, ді­ни, тек­тiк-топ­тық және рулық ар­тық­шыл­дық­ты на­си­хат­тай­тын ақ­па­рат­тың жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тал­мауы
3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тұ­та­стығ­ын бұ­зу­ды, Кон­сти­ту­ци­я­лық құ­ры­лы­сты кү­ш­теп өзгер­ту­ді на­си­хат­тай­тын ақ­па­рат­тың жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тал­мауы
3
Экс­тре­мизмді неме­се тер­ро­ризмді на­си­хат­тай­тын ақ­па­рат­тың жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тал­мауы
3
Ұл­та­ра­лық және кон­фес­си­яа­ра­лық ала­у­ы­здық­ты қоз­ды­ра­тын ақ­па­рат­тың жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тал­мауы
3
Пор­но­гра­фи­я­лық және ар­найы сек­су­ал­ды–эро­ти­ка­лық си­патта­ғы ки­но және бейне өнім­ді жа­рия ете­тін те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар, те­ле-, ра­дио­ар­на­лар жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тал­мауы
3
Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­дің фи­зи­ка­лық, пси­хи­ка­лық, адам­гер­ші­лік, мо­раль­ды және ру­ха­ни да­муы­на за­лал кел­ті­ре­тін те­ле­бағ­дар­ла­ма­лар­ды, со­ны­мен қа­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Мә­де­ни­ет ту­ра­лы» За­ңы­на сәй­кес «Е 18» деп бел­гі­ле­не­тін фильм­дер­ді жер­гі­лік­ті уа­қыт бой­ын­ша 6.00 дан ба­стап 22.00 – қа дей­ін та­ра­ту
5
Егер де өзге те­ле ра­дио та­ра­ты­лым опе­ра­тор­ла­ры мен құқық иеге­рі бо­лып та­бы­ла­тын те­ле- ра­дио­ком­па­ния ара­сын­да­ғы шар­тта көз­дел­ме­ген жағ­дай­да маз­мұ­ны­на өзгер­ту­лер ен­гі­зі­ліп жа­рия еті­л­ген те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру, те­ле – ра­дио­бағ­дар­ла­ма­ны ре­транс­ля­ци­я­лау
2
Ка­бель­ді те­ле­ра­дио та­ра­ты­лым опе­ра­тор­ла­ры­мен және те­ле-, ра­дио­ком­па­ни­я­мен көр­се­ту және (неме­се) қай­та көр­се­ту ба­ры­сын­да сақ­та­луы мін­дет­ті бо­лып та­бы­ла­тын өза­ра есеп­те­су­ге қа­ты­сты та­лап­тар­ды сақ­та­мау
3
«Жар­на­ма ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес кел­мей­тін жар­на­ма­ны та­ра­ту
5
Қо­сым­ша ақ­па­рат­тың кө­ле­мi кадр ала­ңы­ның он бес пай­ы­зы­нан асуы
2

27 Телерадио хабарларын

тарату саласындағы жеке
кәсіпкерліктің тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
Тәу­е­кел­дер топ­та­ры
Тәу­е­кел­дер дең­гей­ле­рін ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Балл
2. Те­ле- ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­та­тын опе­ра­тор­ла­ры­ү­шін
Те­ле-, ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту опе­ра­тор­ла­ры­мен мін­дет­ті бо­лып та­бы­ла­тын те­ле-ра­дио­ар­на­лар­ды та­рат­пау
5
Те­ле-, ра­дио­ар­на­ның, те­ле­ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар­дың те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту опе­ра­то­ры мен құқық иеге­рі бо­лып та­бы­ла­тын те­ле-, ра­дио­ком­па­ния ара­сын­да жа­сал­ған шар­ттың бол­мауы
3
Мүд­де­лі ор­ган­да есеп­ке қой­ыл­ма­ған ше­тел­дiк те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту
5

28 Телерадио хабарларын

тарату саласындағы жеке
кәсіпкерліктің тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
3-қосымша
Тәу­е­кел­дер топ­та­ры
Тәу­е­кел­дер дең­гей­ін ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Балл
3. Те­ле- ра­дио­ком­па­ни­я­лар үшін
Қа­зақ ті­лін­де көр­се­ті­ле­тін те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар­дың жұ­ма сай­ын­ғы кө­ле­мін және уа­қыт ара­лы­ғын сақ­та­мау/неме­се қа­зақ ті­лін­де­гі негіз­гі ды­быст­ық сүй­е­мел­деу ре­т­ін­де ды­быст­ық сүй­е­мел­де­удің көп ар­на­лық бе­рі­лу­ін пай­да­лан­бау
5
Те­ле­ар­на­да жа­ңа­лық­тар­ды жа­рия ете­тін бағ­дар­ла­ма­лар­ды сур­до­аудар­ма­мен қам­та­ма­сыз ет­пе­уден та­ра­ту
2
Те­ле-, ра­дио­ар­на мен­шiк иесiнiң кiретiн есi­гi бө­лек үй-жай­лар мен орын­дар­ға неме­се оны жал­ға алу­ға, оның iшiн­де:
те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың жұ­мыс iсте­уi үшiн қа­жет­тi тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға және пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ар­найы үй-жай­лар­ды (сту­ди­я­лық, ап­па­рат­тық, қо­сым­ша);
шы­ғар­ма­шы­лық пер­со­на­лы­на (ре­дак­ци­я­лық) ар­нал­ған үй-жай­лар­ды;
әкiм­шiлiк-бас­қа­ру пер­со­на­лы­на ар­нал­ған үй-жай­лар­ды жал­ға алу­ға мүлiк­тiк құқық­та­рын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бол­мауы
3
Отан­дық те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың ап­та сай­ын­ғы ха­бар та­ра­ту кө­ле­мiн­де ше­тел­дiк те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­ла­рын та­ра­ту те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар­дың жал­пы кө­ле­мiнiң жиыр­ма пай­ы­зы­нан асуы
3
Транс­ля­ци­я­ла­на­тын және ре­транс­ля­ци­я­ла­на­тын те­ле-, ра­дио­бағ­дар­ла­ма­лар­ды ал­ты ай­дан кем тас­па­ға ба­су және сақ­тау
3

Қолданыстағы