О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 27.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2013 AI67617_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LG004312
- ЭКБ идентификаторы
- 67617
- Редакция идентификаторы
- AI67617_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:29
0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр бала тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз етілсін.
2 2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
3 3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибрагимовке жүктелсін.
5
5. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 480 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелім тізілімінде N 10-7-49 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінде 2008 жылдың 12 қаңтарында N 3 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.