Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего органов национальной безопасности, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего органов национальной безопасности в связи с выполнением ими служебных обязанностей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего органов национальной безопасности, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего органов национальной безопасности в связи с выполнением ими служебных обязанностей
- Атауы (қаз.)
- Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1213
- Қабылданған күні
- 18.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2023 67637_680270.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001213
- ЭКБ идентификаторы
- 67637
- Редакция идентификаторы
- 67637_680270
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:19
0
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1213 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу
қағидалары
1
1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2
2. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қызметкер қызметін өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
3 3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу түрінде төленген сома кейіннен залал келтірген адамнан өндіріп алынып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатынан толық көлемде өтелуге тиіс.
4
4. Қызметкердің баянаты, қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының өтініші қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу үшін негіз болады.
5 5. Залалды өтеу үшін қызметкер тікелей бастығына ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысының қаржы және (немесе) экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянат ұсынады.
Бұл ретте қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының залалды өтеу туралы өтініші ұлттық қауіпсіздік органына жіберіледі.
Баянатқа (өтінішке) қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның отбасы мүшесі мен жақын туысының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу туралы сот шешімінің көшірмесі не одан соттың мөрімен куәландырылған үзінді (судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сот актісінің көшірмесі не одан үзiндi) және (немесе) келтірілген залал туралы маманның (сарапшының) қорытындысы қоса беріледі.
6 6. Өтелетін залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.
7
7. Қызметкер, қызметкердің отбасы мүшесі немесе жақын туысы осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы өтелетін залал сомасын көрсетіп, залалды өтеу туралы бұйрықты (бұдан әрі – бұйрық) бекітеді, оны қызметкер қызмет өткеріп жатқан жердегі кадр бөлімшесі дайындайды.
8 8. Кадр бөлімшесі залалды өтеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан үзіндіні төлемдерді қамтамасыз ету үшін ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне жібереді.
9 9. Залалды өтеу бұйрық негізінде алушының ағымдағы шотына:
1 1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болған кезде – ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне бұйрық түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2 2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Залалды екі рет (мемлекеттің және кінәлі тұлғаның есебінен) өтеуге жол бермеу мақсатында кадр бөлімшесі қызметкерге, қызметкердің отбасы мүшесіне немесе жақын туысына ақшалай қаражат аударылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім шығарған судьяға залалдың мемлекет есебінен өтелгені туралы ақпарат жібереді, ал заң бөлімшесі аударылған соманы заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде қызметкерге, қызметкердің отбасы мүшесіне немесе жақын туысына залал келтірген тұлғадан өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.