Об утверждении Методики расчета минимального уровня потребности по обучению казахстанских специалистов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики расчета минимального уровня потребности по обучению казахстанских специалистов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейiн есептеу әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 361
- Қабылданған күні
- 10.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2019 67659_406341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007920
- ЭКБ идентификаторы
- 67659
- Редакция идентификаторы
- 67659_406341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:36
0 Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейiн есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрінің м.а.
___________ Б. Толымбаев
«____»________ 2012 ж.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің м.а.
___________ А. Рау
«____»________ 2012 ж.
0 Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 361 бұйрығымен бекітілген
Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесі
1 1. Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген.
2 2. Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін анықтау үшін қазақстандық мамандарды оқытуға кететін шығындардың ең аз үлесін белгілеу қажет.
3 3. Константты немесе нормативті болып табылатын қазақстандық мамандарды оқытуға кететін шығындардың ең аз үлесі (Шо) мынадай формула бойынша есептеледі:
Біжө: Иіжө
Шо = ____________ х 100 % + Ксал
Иіжө: Бинв
Біжө – өткен кезеңге республиканың ішкі жалпы өніміндегі білім беруге арналған шығын үлесі (пайыздық арақатынаста),
Иіжө – өткен кезеңге республиканың ішкі жалпы өніміндегі негізгі капиталға салынатын инвестициялар үлесі (пайыздық арақатынаста),
Бинв – өткен кезеңге негізгі капитал инвестицияларындағы білімнің үлесі (пайыздық арақатынаста).
Ксал – әрбір салаға жеке мамандар даярлау үшін қажетті қосымша инвестицияның көлемін көрсететін салалық норматив, бұл норматив сол саланың әр жылға технологиялар трансфертті, индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына сәйкес құзырлы органмен бекітіледі.
4 4. Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:
Қ = Кқтд + КМ / ОШ,
Қ – жоспарлы кезеңде қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейі;
Кқтд – саланың индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы үшін технологияларды трансферттеу бойынша қазақстандық мамандарды оқытуға қажетті көлем;
ОШ – жоспарлы кезеңге қарастырылған білім беру ұйымдарында оқу жылына 1 маманды оқытуға арналған орташа шығыстар (мың теңге),
КМ – жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған келісім-шарттық міндеттемелері (мың теңге) және ол мынадай формула бойынша анықталады:
КМ = И х Шо,
И - жыл сайынғы инвестициялар көлемі.