Құжат мәтініне өту

Об установлении охранной зоны и режима природопользования Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области

Қаулы · № 268 · қабылданған 31.08.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67768/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об установлении охранной зоны и режима природопользования Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области Қолданыста Қаулы ·№ 268 ·31.08.2012
31.08.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении охранной зоны и режима природопользования Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 268 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении охранной зоны и режима природопользования Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
268
Қабылданған күні
31.08.2012
Көрсетілген редакция
31.08.2012 67768_178325.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12D0002115
ЭКБ идентификаторы
67768
Редакция идентификаторы
67768_178325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:26

0 Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 123-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10, 18, 43, 48-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркін қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер пайдаланушылар мен меншiк иелерiнен жер учаскелерiн алып қоймай, енi кем дегенде екі шақырымнан күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимi белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне күзет аймағының шекарасын арнайы белгiлермен белгiлеу ұсынылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Досымбековке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Облыс әкімдігінің 2012 жылғы

31 тамыздағы "Алматы облысының
аумағындағы Жоңғар-Алатау
мемлекеттік ұлттық табиғи
паркінің күзет аймағы мен
табиғатты пайдалану режимін
белгілеу туралы" № 268 қаулысына
қосымша
Жоңғар-Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғи паркінің күзет
аймағындағы табиғатты пайдалану режимi

1 1. Жоңғар-Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі-ұлттық парк) күзет аймағында жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметінің негізгі түрлерiне рұқсат етiледi.

2 2. Ұлттық парктің күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:

1 1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;

2 2) мемлекеттiк табиғи паркінің экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;

3 3) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;

4 4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

5 5) пайдалы қазбалар өндiруге;

6 6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға;

7 7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;

8 8) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға;

9 9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;

10 10) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.

3 3. Ұлттық парктің күзет аймағында оның экологиялық жүйесiне келеңсiз әсер етпейтiн шаруашылық әрекеттiң әр алуан түрлерi жүзеге асуы мүмкiн:

1 1) орман шаруашылық әрекеті;

2 2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

3 3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6 6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

7 7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

8 8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10

10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.

4

4. Ұлттық паркінің күзет аймағында "Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" облыс әкімдігі қаулысына қосымшаның 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ ұлттық парктің өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

Қолданыстағы