Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 395 · қабылданған 27.09.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67814/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 395 ·27.09.2012
27.09.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 395 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
395
Қабылданған күні
27.09.2012
Көрсетілген редакция
27.09.2012 67814_100937.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1200000395
ЭКБ идентификаторы
67814
Редакция идентификаторы
67814_100937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:15

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)
ҚАУЛЫ ETEMIH:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Президентінің
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 395 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

1

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Президенті
Кәрім Қажымқанұлы Әкімшілігінің Басшысы, Комиссия төрағасы
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан С.А. Дьяченко шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; № 24, 173-құжат; № 38, 327-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат):
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының

қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі iстep министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі төраға»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға».

1 Қазақстан Республикасы

Президентінің
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 395 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің
кейбір жарлықтарына
енгізілетін езгерістерге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 қаңтардағы
№ 273 Жарлығына
ҚОСЫМША
Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мәсімов                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Кәрім Қажымқанұлы         Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Байбек                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Қыдырғалиұлы     Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                          төраға орынбасары
Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төраға орынбасары
Сыздықов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Эльдар Мақсұтұлы          Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және
                          талдау орталығының меңгерушісі, хатшы
комиссия мүшелері:
Байменов                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әлихан Мұхамедияұлы       қызмет icтepi агенттігінің төрағасы
Донақов                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Талғат Советбекұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Досаев                  - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы       Экономикалық даму және сауда министрі
Жәмiшев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Бepiк Мәжитұлы

Қолданыстағы