Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест

Қаулы · № 722 · қабылданған 12.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67848/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 722 ·12.09.2012
02.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 722 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест
Атауы (қаз.)
Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
722
Қабылданған күні
12.09.2012
Көрсетілген редакция
02.04.2014 67848_113610.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VS002685
ЭКБ идентификаторы
67848
Редакция идентификаторы
67848_113610
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:22

0 Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 21-1-бабына сәйкес жұмыс іздеуде қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық мекемелердің кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындары квотасы жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Интернаттық мекемелердің кәмелеттік жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасы жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.

3

3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 сәуірде 5-19-148 нөмірімен тіркеліп, аудандық «ЛЗ Сегодня» газетінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 16 санында жарияланған, Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық мекемелердің кәмелеттік жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» № 337 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.И. Лонскийге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы