Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан

Қаулы · № 255 · қабылданған 24.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67856/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 255 ·24.08.2012
27.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 255 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
255
Қабылданған күні
24.08.2012
Көрсетілген редакция
27.04.2018 67856_327608.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007925
ЭКБ идентификаторы
67856
Редакция идентификаторы
67856_327608
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:30

0 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 163 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 тіркелген, 2006 жыл 3 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 18-19(825) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 255 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) сату және сатып алу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидалардың ережелері Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиал), жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3 3. Қағидалардың ережелері Ұлттық Банктің банкноттарды және айналыстағы монеталарды ұсақтау, тозған банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталарды, сондай-ақ заңды төлем құралының күшін жойған банкноттар мен монеталарды айырбастау бойынша операциялар жүргізуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.

2 2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

4 4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;

2 2) бақылаушы (касса қызметкері) – Ұлттық Банк филиалының бағалы металдардан жасалған монеталарға сараптама жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын касса қызметкері;

3 3) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;

4 4) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;

5 5) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;

6 6) Кассалық операциялар орталығы – Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);

7 7) коллекциялық монеталар – арнайы бедерленген, бағалы және сол сияқты бағалы емес металдардан шектеулі таралыммен дайындалған, коллекция жасау және жинақтау объектісі болып табылатын мерейтойлық, ескерткіш және өзге де монеталар;

8 8) монеталарға арналған арнайы орау – монеталар жиынтығын жасауға арналған капсула, қорапша, термовакуумдық, полиграфиялық, сыйлыққа арналған, альбом ораулары және Ұлттық Банктің тапсырысы бойынша басқа орау;

9 9) сарапшы (касса қызметкері) – Ұлттық Банк филиалының бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу үшін қабылдауды, монеталарға сараптама жүргізуді жүзеге асыратын касса қызметкері;

10

10) Ұлттық Банктің интернет-дүкені – Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсының жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық Банк шығаратын, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға тапсырыстарын орналастыруға арналған, сатып алынатын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталар үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ сатып алынатын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды жеткізуге арналған тапсырысты орналастыруға және инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға орналастырылған тапсырыстың жай-күйін қарап көруге арналған бөлімі;

11 11) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаны қабылдауға және сатып алуға уәкілетті аумақтық филиалы.

3 3. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу

5 5. Заңды және жеке тұлғаларға банкноттарды және айналыстағы монеталарды сатуды, сондай-ақ оларды заңды және жеке тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар орталығы жүзеге асырады.

6 6. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату бағасы олардың белгіленген құнына теңеледі.

7

7. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату, сондай-ақ сатып алу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – № 247 Қағидалар) 16, 25, 35 және 37-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

8 8. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша кассалық операцияларды жүргізу № 247 Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4 4. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу

9 9. Заңды және жеке тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар орталығы қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.

Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату сондай-ақ Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

10 10. Бағалы металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің қаулысымен белгіленеді.

Инвестициялық және коллекциялық монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сату кезінде сату бағасына монетаның босату бағасы, сондай-ақ монеталарды жеткізу шығыстары кіреді.

11

11. Бағалы емес металдардан жасалған, монеталарға арналған арнайы орауы жоқ коллекциялық монеталарды сату бағасы номиналға тең болады. Бағалы емес металдардан жасалған, монеталарға арналған арнайы орауы жоқ коллекциялық монеталарды сату бағасына монетаның номиналы және монеталарға арналған арнайы ораудың құны кіреді.

12 12. Заңды және жеке тұлғалардан инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар орталығы жүзеге асырады.

13

13. Ұлттық Банк филиалының немесе Кассалық операциялар орталығының бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монеталарды қабылдаған сарапшысы (касса қызметкері) Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша сатып алуға арналған монеталарды қабылдау актісін екі данада жасайды, олардың біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Кассалық операциялар орталығында қалады, ал басқасы инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған тұлғаға беріледі.

14 14. Сатып алу үшін қабылданған, бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монета монета жасалған металды, металдың сынамын және бағалы металдың монетадағы таза химиялық граммдағы салмағын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

15

15. Бағалы емес металдан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алу үшін қабылдаған кезде төлем қабілеттілігін айқындауды Ұлттық Банктің филиалының сарапшысы (касса қызметкері) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

16 16. Бағалы емес металдан жасалған коллекциялық монетаны сатып алу бағасы оның белгіленген құнына тең болады.

5 5. Бағалы металдан жасалған, Ұлттық Банк сатып алатын инвестициялық немесе коллекциялық монетаның құнын есептеу және сатып алу сомасын төлеу мерзімдері

17 17. Бағалы металдан жасалған, Ұлттық Банк сатып алатын инвестициялық немесе коллекциялық монетаның құнын есептеу Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жүзеге асырылады.

Тиісті бағалы металдардың химиялық таза бағалы металдың бір трой унциясы үшін Лондон қымбат бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) АҚШ долларымен белгілеген таңертеңгі фиксингі (бағаның бағамдалуы) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін тапсырған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалады.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының екі: таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін тапсырған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалады.
Егер бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген сатып алу бағасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның номиналынан аз болса, сатып алу бағасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның белгіленген құнына тең болады.

18

18. Сараптаманы Ұлттық Банк филиалының сарапшысы (касса қызметкері) Ұлттық Банктің филиалы бақылаушысының (касса қызметкерінің) қатысуымен сараптама жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді. Ұлттық Банк филиалының сараптамасы бағалы металдың және инвестициялық немесе коллекциялық монета жасалған сынамның сәйкес келуін растаған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық немесе коллекциялық монета қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмейтін мерзімде инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған тұлғаға Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша бағалы металдардан жасалған инвестициялық монета бойынша сараптаманың қорытындысын, немесе Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша бағалы металдардан жасалған коллекциялық монета бойынша сараптаманың қорытындысын жібереді және оған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың таза химиялық грамдағы салмағына тең соманы төлейді.

19

19. Сараптама жүргізуге арналған жабдықтың болмау немесе істен шығу себебі бойынша, Ұлттық Банк филиалының сатып алынатын инвестициялық немесе коллекциялық монетаға сараптама жүргізуіне мүмкіндік болмаған жағдайда, монеталар сараптама жүргізу үшін Кассалық операциялар орталығына өткізіледі. Инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін қабылдаған Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық немесе коллекциялық монетаны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған тұлғаға Кассалық операциялар орталығы дайындаған, Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша бағалы металдардан жасалған инвестициялық монета бойынша сараптаманың қорытындысын, немесе Кассалық операциялар орталығы дайындаған Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша бағалы металдардан жасалған коллекциялық монета бойынша сараптаманың қорытындысын жібереді және оған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декорациялық бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың таза химиялық грамдағы салмағына тең соманы төлейді.

1 Монетаны сатып алу үшін қабылдау АКТІСІ

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы ұлттық
валютасының банкноттары мен
монеталарын сату және сатып алу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Монетаны сатып алу үшін қабылдау АКТІСІ
_____________ қаласы 20__ жылғы «___» ________
Осы акт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
__________________________________________________________ филиалының
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
сарапшысы (касса қызметкері)
_____________________________________________________________________
(сарапшы (касса қызметкері) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_____________________________________________________________________
мекенжайында тұратын,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұрғылықты жері не заңды тұлғаның орналасқан жері)
байланыс телефоны __________________________________________________,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не заңды
тұлғаның атауы және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болса)
_____________________________________________________________________
монетаны қабылдағаны жөнінде жасалды.
р/c №
Мо­не­та­ның ата­уы
Мо­не­та тү­рі (ин­ве­сти­ци­я­лық неме­се кол­лек­ци­я­лық)
Но­ми­на­лы тең­ге­мен (цифр­мен және жа­зу­мен)
Са­ны, да­на (цифр­мен және жа­зу­мен)
Ме­талл тү­рі
Сал­ма­ғы грам мен
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3

Бар­лы­ғы
-
-
-
Мен, _____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
бұзу әдісімен сараптама жүргізуге келісім беремін _____________
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалының сарапшысы (касса қызметкері)
______________________________________
______________________________________ _____________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (қолы)
филиалының атауы, сарапшының (касса
қызметкерінің) тегі, аты, әкесінің атауы
(ол бар болса)
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса) не заңды тұлғаның атауы
және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болса)
____________________________________
____________________________________ _____________
(қолы)

2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алатын, бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монета құнының есебі

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы ұлттық
валютасының банкноттары мен
монеталарын сату және сатып алу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20__ жылғы «___» ____________*
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алатын, бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монета құнының есебі
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
____________________________________________________________________
(инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы «___» ____________
р/с №
Ба­ға­лы ме­тал­дың тү­рі
Мо­не­та­ның ата­уы (ин­ве­сти­ци­я­лық, кол­лек­ци­я­лық)
Но­ми­на­лы
Хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­тал­дың сал­ма­ғы, грам­мен (са­рап­та­ма­ның қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес)
Мо­не­та­ның 1 (бір) грамм үшін ба­ға­сы (тең­ге, тиын)
Ти­іс­ті ба­ға­лы ме­тал­дар­дың Лон­дон ба­ға­лы ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (LBMA) хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­тал­дың бір трой ун­ци­я­сы үшін бел­гі­ле­ген та­ңер­тең­гі фик­син­гі (ба­ға­сы­ның ба­ғам­да­луы)
Ұлт­тық ва­лю­та­ның АҚШ дол­ла­ры­на қа­ты­сты Аста­на уа­қы­ты­мен са­ғат 15-30-да­ғы жағ­дай бой­ын­ша «Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның екі: та­ңер­тең­гі (негіз­гі) және күн­діз­гі (қо­сым­ша) сес­си­я­ла­ры­ның қо­ры­тындысы бой­ын­ша қа­лып­тас­қан ор­та­ша алын­ған бир­жа­лық ба­ға­мы
Бір мо­не­та­ны са­тып алу ба­ға­сы (тең­ге­мен бү­тін бел­гі­ге дей­ін дөң­ге­лек­тен­ген)
Да­на са­ны (са­тып алын­ды)
Са­тып алу­дың жал­пы со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
7*8/31,1034768
5*6
9*10
Жиын­тығы:
Бар­лы­ғы:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі фи­ли­а­лы­ның бух­гал­те­рия қыз­мет­ке­рі
___________
(қо­лы)
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі фи­ли­а­лы­ның ба­қы­ла­у­шы­сы (кас­са қыз­мет­ке­рі)
___________
(қо­лы)
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі фи­ли­а­лы­ның са­рап­шы­сы (кас­са қыз­мет­ке­рі)
___________
(қо­лы)
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)
* - Кассалық операциялар орталығының монеталарды сатып алуға қабылдаған Ұлттық Банктің филиалына монеталарды сатып алу сомасын аудару күні (Кассалық операциялар орталығы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) немесе Ұлттық Банк филиалының жеке немесе заңды тұлғаға монетаны сатып алу сомасын беру күні (Ұлттық Банк филиалы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) көрсетіледі.

3 Бағалы металдардан жасалған инвестициялық монета бойыншасараптаманың № ___ қорытындысы

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы ұлттық
валютасының банкноттары мен
монеталарын сату және сатып алу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бағалы металдардан жасалған инвестициялық монета бойыншасараптаманың № ___ қорытындысы
_____________ қаласы 20__ жылғы «___» ________
_____________________________________________________________________
(бағалы металдан жасалған монеталарға сараптама жүргізген
филиалдың атауы)
Же­ке тұл­ға­ның неме­се заң­ды тұл­ға өкі­лі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Мо­не­та алын­ған күн
Са­рап­та­ма жүр­гі­зі­л­ген күн
Мо­не­та­ның си­патта­ма­сы
Мо­не­та­ның ата­уы*
Но­ми­на­лы (тең­ге)
Мо­не­та­ның нақ­ты сал­ма­ғы (грамм)
Бү­т­ін­ді­гі (иә/жоқ)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да жа­ри­я­лан­ған неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның мо­не­та­ны ай­на­лы­сқа шы­ға­ру және (неме­се) мо­не­та­ның ди­зай­нын ай­қын­дау ту­ра­лы қа­улы­сын­да көр­се­ті­л­ген мо­не­та­ның сал­ма­ғы (грамм)
Ба­ға­лы ме­тал­дың тү­рі
Негіз­гі ба­ға­лы ме­тал­дың сы­на­ма­сы
Хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­тал­дың сал­ма­ғы (грамм)
Қо­ры­тын­ды
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі фи­ли­а­лы­ның са­рап­шы­сы (кас­са қыз­мет­ке­рі)
___________
(қо­лы)
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі фи­ли­а­лы­ның ба­қы­ла­у­шы­сы (кас­са қыз­мет­ке­рі)
___________
(қо­лы)
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)
* - монетаның атауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында жарияланған немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының монетаны шығару және дизайнын бекіту туралы қаулысында көрсетілген ақпаратқа сәйкес келеді.

4 Бағалы металдардан жасалған коллекциялық монета бойынша сараптаманың № ___ қорытындысы

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы ұлттық
валютасының банкноттары мен
монеталарын сату және сатып алу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Бағалы металдардан жасалған коллекциялық монета бойынша сараптаманың № ___ қорытындысы
_____________ қаласы 20__ жылғы «___» ________
_____________________________________________________________________
(бағалы металдан жасалған монеталарға сараптама
жүргізген филиалдың атауы)
Же­ке тұл­ға­ның неме­се заң­ды тұл­ға өкі­лі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Мо­не­та алын­ған күн
Са­рап­та­ма жүр­гі­зі­л­ген күн
Мо­не­та­ның си­патта­ма­сы
Мо­не­та­ның ата­уы*
Но­ми­на­лы (тең­ге)
Мо­не­та­ның нақ­ты сал­ма­ғы (грамм)
Бү­т­ін­ді­гі (иә/жоқ)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да жа­ри­я­лан­ған неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның мо­не­та­ны ай­на­лы­сқа шы­ға­ру және (неме­се) мо­не­та­ның ди­зай­нын ай­қын­дау ту­ра­лы қа­улы­сын­да көр­се­ті­л­ген мо­не­та­ның сал­ма­ғы (грамм)
Ба­ға­лы ме­тал­дың тү­рі
Негіз­гі ба­ға­лы ме­тал­дың сы­на­ма­сы
Хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­тал­дың сал­ма­ғы (грамм)
Қо­ры­тын­ды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі филиалының
сарапшысы (касса қызметкері)
____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі филиалының
бақылаушысы (касса қызметкері)
____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
* - монетаның атауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында жарияланған немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының монетаны шығару және дизайнын бекіту туралы қаулысында көрсетілген ақпаратқа сәйкес келеді.

Қолданыстағы