Об утверждении Перечня эпидемически значимых объектов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня эпидемически значимых объектов
- Атауы (қаз.)
- Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 622
- Қабылданған күні
- 10.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2013 AI67862_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007946
- ЭКБ идентификаторы
- 67862
- Редакция идентификаторы
- AI67862_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:23
0 Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаметі (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Ж.М. Бекшинге жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 622 бұйрығына
қосымша
Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі
1 1. Балалар сүт асүйлері.
2 2. Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілер (жыл бойғы, маусымдық).
3 3. Балалар үйлері.
4
4. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреселерде, жетімдер үйлерінде, вахталық кенттерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілері, онкологияларды ауруханаларды (диспансерлерді), наркологияларды ауруханаларды (диспансерлерді, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын), психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда стационарлық көмек көрсететін.