Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Қаулы · № 188 · қабылданған 20.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67877/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 188 ·20.09.2012
04.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 188 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
188
Қабылданған күні
20.09.2012
Көрсетілген редакция
04.02.2013 67877_162057.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TG002621
ЭКБ идентификаторы
67877
Редакция идентификаторы
67877_162057
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:18

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 54-V "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағы азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арыз берген жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) жалғыз басты мүгедектерге;

2 2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

3 3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге;

4 4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;

5

5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;

6 6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан астам ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;

7 7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы