Об оказании дополнительной социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/04
- Қабылданған күні
- 21.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2014 67893_170937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KF001949
- ЭКБ идентификаторы
- 67893
- Редакция идентификаторы
- 67893_170937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:18
0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік көмек).
2 2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
3 3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
1
1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2 2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген мерзімінен бастап "Қарағанды облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгілеген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3
3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.