Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным семьям

Өзге акт · № 6/51 · қабылданған 13.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67894/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным семьям Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/51 ·13.09.2012
12.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным семьям

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/51 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным семьям
Атауы (қаз.)
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/51
Қабылданған күні
13.09.2012
Көрсетілген редакция
12.12.2013 67894_152207.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12MG002158
ЭКБ идентификаторы
67894
Редакция идентификаторы
67894_152207
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:21

0 Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-көмек) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға және мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат түрінде белгіленсін:

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға;
мүгедектерге;
жалғыз басты аналарға;
көшіп келген оралмандарға;
Маңғыстау облысынан тыс жерлерде емделуге кететін материалдық жағдайы жоқ отбасыларға;
өрт, су тасқыны немесе жол апаты салдарынан отбасына материалдық залал келтірілгенде, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда;
өкпе, онкология, қант диабеті ауруларына шалдыққандарға;
нақты тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға;
қосымша көбірек шығын талап ететін ұзақ мерзіммен емделетін ауруға шалдыққан зейнеткерлерге.

2 2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі–уәкілетті орган) болып табылады (келісім бойынша).

3 3. Көмек азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет тағайындалады және мөлшері қырық айлық есептік көрсеткіштен көп емес.

4 4. Көмек көрсету туралы өтініш аудан әкімінің атына беріледі. Өтінішке осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар қосылады.

5 5. Аудандық әкімдіктен көмек сұраған тұлғалардың материалдық жағдайын тексеру сұрақтары бойынша құрылған учаскелік комиссиялар (бұдан әрі–комиссия) үш күн мерзім ішінде арыз берушінің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеруді жүзеге асырады (келісім бойынша).

6 6. Аудан әкімі комиссияның ұсыныстарының негізінде бес күн ішінде әлеуметтік көмекті көрсету туралы немесе дәлелді бас тартуға шешім қабылдайды (келісім бойынша).

7 7. Шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган жеті күн ішінде екінші деңгейдегі банктер арқылы көмекті төлеуді жүзеге асырады.

8 8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
Г. Ақниязова
13 қыркүйек 2012 жыл

9 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 6/51 шешіміне қосымша
Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1 1. Әлеуметтік көмек алушыдан өтініш;

2 2. Әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

3 3. Әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттар;

4 4. Әлеуметтік көмек алушының салық төлеуші куәлігі;

5 5. Әлеуметтік көмек алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;

6 6. Әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

7 7. Оралман мәртебесін растайтын құжат;

8 8. Отбасына материалдық залал көлтірілген оқиғаны анықтайтын құжат (от, су тасқыны, жол апаты), еңбекке жарамсыздығы туралы, емделуге берілген анықтама немесе жолдама;

9 9. Отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғандығын растайтын құжат.

Қолданыстағы