О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Дирекция административного здания Верховного Суда Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Дирекция административного здания Верховного Суда Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 19.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI67907_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000106
- ЭКБ идентификаторы
- 67907
- Редакция идентификаторы
- AI67907_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:18
0 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды, автокөлік қызметін көрсетуді жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
3 3. Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) берілсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Серіктестік жарғысының бекітілуін;
2 2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1
2 2. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Астана қаласы деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21 - 143-жолмен толықтырылсын:
21-143 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы ЖШС.
3 3. Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 269-1-жолмен толықтырылсын:
269-1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы ЖШС.