Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Институт повышения квалификации Министерства юстиции Республики Казахстан"

Қаулы · № 1278 · қабылданған 17.08.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6791/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Институт повышения квалификации Министерства юстиции Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 1278 ·17.08.2000
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Институт повышения квалификации Министерства юстиции Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 1278 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Институт повышения квалификации Министерства юстиции Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Бiлiктiлiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1278
Қабылданған күні
17.08.2000
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI6791_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001278_
ЭКБ идентификаторы
6791
Редакция идентификаторы
AI6791_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:18

0 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Бiлiктiлiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Бiлiктілiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк комитетi мен Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) Қоғамның жарғылық капиталына қайта ұйымдастырылатын "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Бiлiктiлiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiндегi мүлiктi берсiн;

2 2) жарғыны бекiту кезiнде Қоғамның негiзгi мiндетi судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру деп белгiлесiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

8 Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 18 тамыздағы
N 1278 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.

3 3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-3-жолмен толықтырылсын:
"21-3 "Судьялар мен әділет қызметкерлерінің
бiлiктiлiгiн арттыру институты" ААҚ"

4 4. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 218-1-жолмен толықтырылсын:
"218-1 "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру институты" ААҚ".

Қолданыстағы