Құжат мәтініне өту

Об утверждении Требований к деятельности по пересчету, сортировке, упаковке, хранению банкнот, монет и ценностей, а также их выдаче банкам и их клиентам по поручению банков, осуществляемой организациями, имеющими лицензию Национального Банка Республики Казахстан на проведение операции по инкассации банкнот, монет и ценностей

Қаулы · № 257 · қабылданған 24.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67911/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Требований к деятельности по пересчету, сортировке, упаковке, хранению банкнот, монет и ценностей, а также их выдаче банкам и их клиентам по поручению банков, осуществляемой организациями, имеющими лицензию Национального Банка Республики Казахстан на проведение операции по инкассации банкнот, монет и ценностей Күшін жойған Қаулы ·№ 257 ·24.08.2012
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Требований к деятельности по пересчету, сортировке, упаковке, хранению банкнот, монет и ценностей, а также их выдаче банкам и их клиентам по поручению банков, осуществляемой организациями, имеющими лицензию Национального Банка Республики Казахстан на проведение операции по инкассации банкнот, монет и ценностей

Күшін жойған Қаулы ·№ 257 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Требований к деятельности по пересчету, сортировке, упаковке, хранению банкнот, монет и ценностей, а также их выдаче банкам и их клиентам по поручению банков, осуществляемой организациями, имеющими лицензию Национального Банка Республики Казахстан на проведение операции по инкассации банкнот, монет и ценностей
Атауы (қаз.)
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
257
Қабылданған күні
24.08.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2020 67911_439288.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007956
ЭКБ идентификаторы
67911
Редакция идентификаторы
67911_439288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:30

0

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мынадай талаптар бекітілсін:

1

1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуын қамтамасыз етеді:
қойма не сейф бөлмесі;
қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);
банкноттарды және монеталарды қайта санау кассасы;

2

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайлардың құрылғысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

3

3) инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын сақтайды.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы