Об утверждении Правил функционирования платежных систем, оператором которых выступает Национальный Банк Республики Казахстан либо его дочерняя организация
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил функционирования платежных систем, оператором которых выступает Национальный Банк Республики Казахстан либо его дочерняя организация
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 24.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI67913_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007958
- ЭКБ идентификаторы
- 67913
- Редакция идентификаторы
- AI67913_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:31
0 Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 265 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе оның еншілес ұйымы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы операторы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2 2. Қағидалар банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3 3. Қағидаларда «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) төлем жүйесі – төлем жүйесінің қатысушылары арасында төлемдер және ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін рәсімдердің, технологиялардың, инфрақұрылымдардың, құжаттамалардың және ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
2
2) төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі – оператор) – төлем жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде оған техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ төлем жүйесінің қатысушыларымен жасалған шарттар негізінде олардың арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Ұлттық Банк немесе оның еншілес ұйымы;
3 3) төлем жүйесінің қатысушысы – жасалған шарттарға сәйкес белгілі бір төлем жүйесі шеңберінде төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру жөнідегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке және заңды тұлға.
4 4. Төлем жүйелеріндегі төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
2 2. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тәртібі
5 5. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тәртібі Қағидалармен, төлем жүйесінде төлемдер жүргізу жөніндегі шарттармен және Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің жұмыс істеу мәселелері жөніндегі заңнамасымен қамтамасыз етіледі.
6
6. Оператор төлем жүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін реттейді, төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу кестесін, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде төлем жүйелеріне қатысушылардың іс-әрекеттерінің жүйелілігін, сондай-ақ төлем жүйелерінің қатысушылары арасында есеп айырысудың жүргізуін белгілейді.
Егер оператор Орталық болып табылса, оның төлем жүйелерінің жұмыс істеу жөніндегі ішкі құжаттары Ұлттық Банкпен келісіледі.